• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:03:51
Алматы
+35°

Жамбылдық спортшылар әлемдік деңгейдегі түрлі жарыстарда көк туымызды желбіретіп, ел абыройын асқақтатып жүргені баршамызға белгілі. Бұл – оларға көрсетіліп отырған қолдаудың және өз шеберліктерін шыңдауына жасалған жағдайдың нәтижесі десек, артық айтқанымыз емес. Өз кезегінде жамбылдық жампоздар байрақты бәсекелерде оза шауып, жүлделі орындарды иеленуді жақсы дәстүрге айналдырған.

Мәселен, облыс спортшылары жыл басынан бергі уақытта Халықаралық және республикалық жарыстарда барлығы 696 медаль иеленді. Оның ішінде 267алтын, 196 күміс, 233 қола медаль бар.

Жыл басынан облыс спортшылары ірі халықаралық жарыстарға қатысып, жақсы спорттық көрсеткіштерге қол жеткізді.

Мысалы, Әнел Нұржанова мен Юлия Просветова – спорттық акробатикадан Әлем Кубогының қола жүлдегерлері атанды. Ал, Қордабай Мейірбек – грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді. Сол секілді. Елдос Сметов – дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирлерінің жеңімпазы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Нұрқанат Серікбаев – дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия Кубогының жеңімпазы атанса, Қазыбек Рақышев, Аяулым Қуанышева және Шапағат Дәулет қола жүлдеге ие болды.

Жастар арасындағы ұлттық ат спорты түрлерінен Бірінші Азия чемпионатының «көкпар» спортынан Қазақстан Республикасының құрама командасы жеңімпаз атанды. Ұлттық құраманың сапында Жамбыл облысының 5 спортшысы Құрманбек Тұрғанбек, Ернар Жарылқасын, Ернұр Камелхан, Ерсұлтан Әзімбаев және Ернет Мәлімбай ойын көрсетті. Жамбы ату спорты бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының сапында Жамбыл облысының спортшысы Бабажан Бақдәулет І орынды жеңіп алып, Азия чемпионы атанды.

«Әулие-Ата» көкпар командасы – Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасының 10 дүркін чемпионы атанды.

Ғалымжан Қырықбай – Универсиада ойындарында дзюдо күресінен абсолют салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Айта кететіні, бұл медаль Универсиада ойындарында Қазақстан тарихында дзюдо күресінен тұңғыш рет иеленген және осы жарыстағы жалғыз алтын медаль болды.

Ерболат Кәрібай – пара пауэрлифтингтен 49 келіде жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Сонымен қатар, жыл басынан бері спорт түрлерінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионаттарында облыс спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысынан – 893 спортшы спорт түрлерінен Қазақстан Ұлттық Құрама командасының мүшелері. Олар, өздерінің спорттың жеңістері арқылы Қазақстан Республикасының көк байрағын көкке көтеріп, ел абыройын асқақтатуға өз үлестерін қосып келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір