• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:30:42
Алматы
+35°

Байзақ ауданыдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде «Мектеп формасы: өзекті мәселелер» айдарымен “Бала құқығын қорғау – қоғамға ортақ міндет» тақырыбында ашық әңгіме алаңы ұйымдастырылды. Жиында міндетті мектеп формасы, мектеп Жарғысы, ішкі тәртіп ережелері, оқушы мен ата-ананың міндеті сынды өзекті мәселелер ортаға салынды.

Басқосуға құқық қорғау саласы, дін проблемаларын зерттеу орталығы, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы, аудан әкімдігінің білім бөлімі, қоғамдық бірлестіктер мен қамқоршылық кеңес мүшелері, аймақтық мектептердегі директорлардың орынбасарлары мен ата-аналар комитеттерінің мүшелері, сонымен қатар, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға қоғам назарын аудару мақсатында өткізілген басқосуды Ы.Алтынсарин орта мектебінің директоры Қанат Бәйтен ашып берді. Бұдан кейін аудан әкімдігі білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Индира Спаналиева сөз алып, аудан аумағында мектеп формасына байланысты немесе ата-аналарының ықпалымен мектеп формасын сақтамай отырған оқушылар жайында мәліметтермен бөлісті.

– Мектеп формасының міндетті бірыңғай болуы туралы көтеріліп отырған мәселенің өзіндік әлеуметтік-тұлғалық жүгі бар. Біріншіден, кез келген форма белгілі бір мекемеге қатыстылықты білдіретіндіктен, тұлғаға сол мекеме алдындағы жауапкершілікті жүктейді. Екіншіден, форма құқықтық қатынастар шегін айқындайтын бақылау құралы. Қарапайым мысал келтірер болсақ, мектеп формасын киіп жүрген бала сабақ уақытында көшеде жүрсе немесе компьютер клубтарында ойын ойнап отырса, кез келген учаскелік полиция қызметкері одан мән-жайды сұрап, қадағалауға құқығы бар. Үшіншіден, бірыңғай форма мектеп жасындағы балалардың әлеуметтік тұрғыдан жіктелуіне, психологиялық қысымдардың орын алуына жол бермейді. Мектеп формасы бастауыш сынып оқушыларын тәртіпке үйретсе, жоғары сынып оқушыларын сенімділікке жетелейді, – деді мектеп директоры Қанат Бәйтен.

Келесі кезекте қамқоршылық кеңесінің төрайымы Эльмира Смайловаға сөз беріліп, ол өз ойымен бөлісті. Бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда ата-аналардың жауапкершіліктері туралы аудан прокуратурасының прокуроры Жұлдыз Қойкенова, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция майоры Мейірбек Жүнісбеков түсіндірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір