• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:36:03
Алматы
+35°

Бүгінде Жамбыл облысында білім саласын цифрландыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жемісі екендігі сөзсіз. Атап айтар болсақ, өткен жылы өңір мектептері 161 робототехника кабинетімен жабдықталған болса, жаңа оқу жылында ол көрсеткіш 49-ға артып, 210 мектепке жеткен. Жыл соңына дейін тағы 20 кабинет ашу көзделіп, көрсеткішті елу пайызға жеткізу көзделген.

Облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетованың айтуынша бұл бағытта оқыту шаралары үйірмелер және таңдау курстары есебінен информатика пәндерінің мұғалімдерімен жүргізілуде екен. Жалпы, облыс мектептерінде барлығы 790 информатика мұғалімдері жұмыс істесе, олардың 62 пайызы «Робототехника негіздері», 46,8 пайызы күшіне «3D-притинг және бағдарламалау» тақырыптарында біліктілік курстарынан өткен.

Ол ғана емес, өткен жылы өңірде дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ-лицей-интернаты ашылып, бүгінгі күні 7-9 сыныптарда 160 бала білім алуда. Сондай-ақ, аудандар мен Тараз қаласында былтыр 14 ІТ сыныптары ашылса, ағымдағы жылы ол санды 50 жеткізу жоспарланған. Бұдан бөлек, білім басқармасына қарасты ақпараттық орталықтағы штат саны оңтайландырылып, бюджет қаражаты үнемделуде.

Айта кетейік, бүгінде облыс оқушылары халықаралық, республикалық робототехника бойынша конкурстарға қатысып, жылдан-жылға жақсы жетістіктерге жетуде. Атап өтер болсақ, соңғы екі жылда халықаралық байқауларда 10 оқушы жеңімпаз атанса, өткен жылы республикалық жарыстарда 30, ағымдағы жылдың бес айында 54 оқушы жүлдегер атанған. Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық талдамалық орталығы» дайындаған «ҚР Білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы» ұлттық баяндамада орта білімнің сапасы және басқа да түпкі нәтижелердің индексі бойынша Жамбыл облысы екінші орынды иеленген.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жетілдіріле түсетін болады. Қазіргі таңда облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасына сәйкес, білім саласын цифрландыруға жұмсалатын бюджет қаражатын тиімді жұмсауға көңіл бөлініп, сатып алынып жатқан техникалар мен жабдықтардың сапалы әрі заманауи болуына назар аударылуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір