• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:37:15
Алматы
+35°

«Nur Otan» партиясының Жуалы аудандық маслихаттағы депутаттық фракциясы мен Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы болып өтті. Жиынға, фракция мүшелерімен қатар, фракция жанынан құрылған комиссия мүшелері, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, жергілікті атқарушы орган басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауданы әкімінің орынбасары А.Жабағы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, «Нұрлы жер» тұрғын-үй құрылысы бағдарламасының, мемлекеттік салалық және өңірлік бағдарламаларының және де жөнделіп жатқан жолдар мен салынып жатқан құрылыс нысандарының барысы туралы баяндады.

Баяндама аясында «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша Жуалы аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция жанындағы комиссия зерделеу аясында анықтаған кемшіліктер бойынша жан жақты сұрақтарын қойып, жауап алды.

Комиссия мүшесі С. Жұмашев облыстық мәндегі салынып жатқан жолдардың сапасы сын көтермейтінін айтып, сұрақтарын қойды. Сонымен қатар «Көктөбе», «Теріс» «Қосбөлтек», «Нұрлыкент» тұрғын алқабы (электр қуатымен, газбен, сумен қамтамасыз ету және автомобиль жолдары) инфрақұрылым нысандарының құрылысына фракция жетекшісі А.Ахметова тоқталып, осы күнге дейін құрылыс аяқталса да, әлі де қаражатының толығымен аударылмау себебін сұрады. Өз кезегінде құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Сауырбаев келісім шарт бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімі 2019 жылғы 15 шілдеде аяқталғанын, әр кешіккен күніне 0,1 пайызды айыппұл жүріп, құрылыс жұмыстары толық аяқталғанымен, өткізетін құжаттамаларын толық ұсынбағандықтан экономикалық сотқа талап арыз берілгендігін мәлімдеді.

Күн тәртібіндегі екінші, үшінші мәселе бойынша фракция мүшелері К.Бегалиев, К.Айтқұлова қоғамдағы атқарған депутаттық қызметі туралы жан жақты баяндады.

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі А.Ахметова «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы ұсынған 7 серпін жөнінде, партияны «қайта жандандыру» бойынша жұмысты жаңғырту аспектілеріне тоқталып, қолға алынған шаралар туралы пікір алысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған міндеттерді орындау аясында, таңдалған старатегиялық бағыттың сабақтастығын қамтамасыз ету үшін партия маңына топтастыру негізінде ауданда, елді –мекендерде құрылып жатқан диалог алаңдарының мән-мақсаты түсіндіріліп, онда халықпен кері байланысты күшейту қажеттелігі айтылды. Сондай-ақ, фракция мүшелеріне әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде қоғамдық қабылдау жүргізуді тапсырды. Сонда шалғай ауылдардан азаматтар ат арылтып келмей, сауалдарын үйлерінде отырып жолдай алады. Бұл дегеніміз Жолдауда айтылған халықпен кері байланыстың да өз деңгейінде орнығуы. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірауыздан тиісті қаулылар қабылданды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір