• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:19:21
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында экономиканы өркендетудің бірден-бір тетігі ретінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға айрықша назар аударғаны белгілі. Бұл тұрғыда тиімділікке басымдық берілмек.

Осы орайда Жамбыл облысында аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің бастамасымен әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған пилоттық жоба жүзеге аспақ. Бұл бастаманы Асқар Исабекұлы жуырда ғана Үкімет мүшелеріне таныстырып, тиімділігін дәлелдеп берді.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, қазіргі таңда Жамбыл облысындағы тауарлы шаруашылықтарда 55 мың, бюджеттік, өзге де 122 мың адам мекемелерде жұмыс жасауда. Яғни 177 мың адамның белгілігі дәрежеде тұрақты табысы бар. Ал, қалған 151 мың халық әлеуметтік төлемдер, маусымдық жұмыстардан, қосалқы шаруашылық есебінен күнкөріс кешуде.

Қолданыстағы бағдарламалармен жыл сайын 35-37 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуда. Осы орайда, ауылды жердегі халықты жаппай жұмыспен қамтудың бірден бір жолы – ол қосалқы шаруашылыққа қолдау көрсетіп, дамыту.

Зерделеу барысында қосалқы шаруашылықтар өндіріс пен табыс көзі екенін көрсетіп отыр. Облыстың жалпы ауылшаруашылық өнімінің 43 пайызын, ал сүт пен еттің 60 пайызын осылар өндіреді. Бұл мемлекеттік қолдаусыз.

Сондықтан, ауыл тұрғындарының табысын жақсарту үшін қосалқы шаруашылықтарды қолдауға бағытталған мақсатты мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың тиімділігі зор болмақ.

Елбасының және Президенттің халық тұрмысын жақсартуға қатысты берген тапсырмаларының аясында облыстағы барлық елді мекендегі 138 мың аула толық зерделенген. Нәтижесінде бір үйдің ай сайынғы қосалқы шаруашылықтан орташа табысы 25-30 мың теңгені құрайтыны анықталды.

Сонымен бірге, айына 500 мың теңге тауып отырған қосалықы шаруашалықтар да бар. Міне, осындай жағдайларды ескере келе Жамбыл жерінде жұмыр жоспар түзілуде. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов ұсынған пилоттық жобаның көп ұзамай-ақ өз жемісін беретіндігіне жергілікті билік те, жұртшылық та сенімді. Осылайша қосалқы шаруашылықты дамыту арқылы әлеуметтің әлеуеті арта түсетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір