• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:26:06
Алматы
+35°

Жуырда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Үкімет отырысында қосалқы шаруашылықты дамыту бойынша жаңа пилоттық жобаны көпшіліктің назарына ұсынған болатын. Баянды бастама Үкімет мүшелері тарапынан қолдау тапты да. Өйткені, жаңа жоба Елбасы Н.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы тапсырмаларымен сабақтастырыла әзірленген. Бұл тұрғыда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тиімділіктері де толық ескерілген.

Пилоттық жобада мал шаруашылығын дамыту мәселесі де толық қамтылған. Жасыратыны жоқ, бүгінде ауладағы мал шаруашылығы, оның да тиімділігі аз. Не бәрі аулалардың 56 пайызында ғана мал бар, бірақ өнімділігі өте төмен. Бұның бірден-бір себебі жем шөптің, жайылымның жетіспеуінде және рационның құнарсыздығында.

Қосалқы шаруашылықтың бұл бағытының тиімділігін көтеру үшін, аулалардың мүмкіншілігін ескере отырып, 44 мың мал-құс сатып алынады.

Қолдағы және сатып алынатын мал-құсты тиісті жем-шөппен қамтамасыз ету үшін, тұрғындардың ауыл сыртындағы пайлық жерлері пайдаланатын болады. Ол бойынша да тиісті санақ және тұрғындардың келісімі бар.

Кооператив жем-шөппен қамтамасыз етуден бөлек, малды асылдандыру үшін қолдан ұрықтандыру бекетін ашады және құс шаруашылығына инкубаторлар сатып алады. Нәтижесінде мал өнімінің көлемі кемінде 2-3 есеге, құстікі- 11 есеге көбееді. Бұл мақсатқа бағыт бойынша 3,5 миллиард теңге қажет.

Сонымен қатар ауыл сыртындағы пай үлестік жерлерді, бір жағынан, тиімді пайдалану үшін, екінші жағынан, қосалқы шаруашылықтағы мал-құсты жем-шөппен қамтамасыз ету үшін кооперативке 40 трактор, 182 қосалқы қондарғылар, 36 шөп-егін жинайтын техникалар сатып алынбақ.

Сондай-ақ, 273 тонна малазығы дақылдарының тұқымы, 684 тонна тыңайтқыш және 8 тонна пестицидтер сатып алынады. Осы мақсатта, тұрғындардың келісіміне сәйкес 4 351 гектар пай үлестік жерлер біріктіріліп, 19 мың тонна шөп, 7 мың тонна жем, 2 мың тонна сүрлем өндіру жоспарланып отыр.

Ежелден төскейді төрт түлікке толтырып, ырысқа кенелген халқымыз үшін мал шаруашылығы таңсық емес. Тек ұйымдастыру жұмыстары реттей білген абзал. Бұл тұрғыда қосалқы шаруашылықты дамыту туралы пилоттық жобаның берері мол болмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір