• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:58:28
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында Елбасы айқындаған стратегиялық мақсаттардың ары қарай да жалғаса беретіндігін жеткізген болатын. Бұл ретте Президент «Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады.

Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды.

Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық.

Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды.

Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады.

Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр.

Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз» деп атап көрсетті.

Бүгінде тиімді реформалар нәтижесінде Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында да жемісті жұмыстар атқарылып, жұртшылықтың шаттығын еселуде. Әсіресе, құрылыс жұмыстарының қарқын алғаны қуантады.

Күні кеше осындай шаруалардың барысын бақылау мақсатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Мойынқұм ауданына іс-сапармен барды.

Еркебұлан Әбілханұлы бастаған бірнеше облыс әкімдігінің басқарма басшылары және аудан әкімі Мәден Мұсаевтің қатысуымен алдымен Бірлік ауылындағы дәрігерлік амбулатория, спорт кешені құрылысының орнымен танысты. Бірлік ауылында спорттық-сауықтыру кешенін соғу жоба дайындалып, ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 3,4 миллион теңге қарастырылған. Жоба 90 пайызға дайын. Жоба дайындау келісім шарты бойынша қазан айының соңында аяқталады. Бұдан соң аудандық емхана, аурухана ішін аралап дәрігерлермен сөйлесті. Аурухананың жұмысы туралы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Жайдар Әйтішев айтып беріп, бүгінгі таңда аудандық емхананың бірқатар бөліктерін жөндеуден өткізу қажет болып тұрғанын жеткізді. Келесі кезекте Еркебұлан Әбілханұлы аудандық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, туындаған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Сапар соңында облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активімен жиын өткізіп, атқарылған жұмыстар барысын саралап, айтылған кемшіліктерді уақыт өткізбей, қалпына келтіру жөнінде жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір