• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:23:34
Алматы
+35°

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолға алынып жатқан қаржылай және қаржылай емес қолдаулар өз жемісін беріп келеді. Солардың бірі – «Бастау» жобасы. «Бастау» басталғалы облыста 4070 адам кәсіпкерлік негіздері курсынан өтіп, олардың 2363 өз кәсібін ашуына мүмкіндік алды. Жақында осы бағдарлама бойынша жаңа оқу кезеңі басталып, оған үміткерлер жиналды. Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаға өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған және жұмыспен қамту орталығында тіркелсе де тіркелмесе де жұмыссыз жүрген азаматтар қатыса алады. Оқуға қатысқан азаматтар кәсіпкерлік негіздері бойынша біліктіліктерін жетілдірумен қатар өздерінің бизнес-жоспарларын әзірлеп шығады. Оқуды сәтті аяқтаған соң бизнес-жоспарларын өңірдегі қаржы институттары: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы облыстық филиалы мен «Атамекен Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ұсына алады. Бұл жобалар өміршең деп танылса аталмыш қаржы ұйымдары 6 пайызбен 8000 айлық есептік көрсеткішке (биылғы жылғы көрсеткішпен 20 200 000 теңге) дейін несие ала алады. Оқу ақысын мемлекет өтейді және қатысушыларға стипендия төленеді.

– Оқу процесінің жалпы мерзімі – 20 жұмыс күні. Оқу кезінде тренерлер жекелеген кеңестер беріп, өз жобаңды қаржыландыру ұйымдарының алдында сәтті қорғап шығуыңыз үшін көпшілік алдында сөйлеу мәнеріне баулиды. Оқуды аяқтаған соң жоба қатысушыларына сертификаттар беріледі. Сертификат екі түрлі болады. Аудандық, облыстық комиссия алдында бизнес-жобасын сәтті қорғай алған жағдайда жобаны бітіргендігі жөнінде, ал екіншісі – комиссия алдында жобасын қорғай алмаған жағдайда оқуға қатысқандығы жөнінде берілетін сертификат. Оқудан 3 күннен артық қалуға болмайды. Оқудан себепсіз қалған азаматтар комиссияның шешімімен шығарылады. Оқуды бітіріп, сертификат алған соң 1 жолғы сертификат беріледі. Ол сертификат «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында несие рәсімдеуге және 100 немесе 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант алуға қажет ашады, – дейді «Бастау» жобасының облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы әрі жобаның үйлестірушісі Дана Ералиева.

«Бастау» жобасы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағытына кіреді. Бұл жобаға қатысу үшін ниет білдіруші азамат жұмыспен қамту орталығына немесе кәсіпкерлер палатасының аудандардағы филиалына, сондай-ақ өзі тұратын ауылдық округ әкімшілігіне өтініш бере алады. Ниет білдірушінің мақсатты топқа жататындығын анықтайтын – жұмыспен қамту орталығы. Орталық тізімді палатаның филиалына өткізеді. Одан әрі палата аталмыш азаматтардың кәсіпкерлік әлеуетін анықтау мақсатында тесттен өткізеді. Тесттен өткен азаматтар жобаның қатысушысы атанады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір