• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:41:47
Алматы
+35°

Бүгінде Тараз қаласындағы орталық көшелерде жол белгілері мен бағдаршамдардың бағыттағыштары толықтай ретке келтірілуде. Мұның барлығы да көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаралар. Осы орайда біз облыстық жергілікті полиция қызметінің әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекция бөлімінің бастығы Николай Соннан жол қауіпсіздігін мен қозғалысты қамтамасыз ету және оны жақсартудың маңызы айрықша екенін айтады. Бұл мәселелерді ретке келтіру үшін облыстық Полиция департаменті облыс аумағындағы жолдарда болатын келеңсіздікті жою, жол-көлік оқиғаларын тұрақтандыру және жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында жыл басынан бері облыстың автомобиль жолдарына 1 203 тексеру жұмыстарын жүргізіпті.

-Тексеру барысында 13 000 шақырымға жуық жол қамтылды. Нәтижесінде 8 000-нан астам кемшіліктер анықталып, ол бойынша тиісті мекеме басшыларына 1 203 ұйғарым хат жолданды. Жолды күтіп ұстауда орын алған кемшіліктер бойынша жергілікті атқарушы органдарға және облыс пен аудан прокуратураларына 178 мәлімет жіберіліп, жолдарды қанағаттанарлықсыз күйде ұстағаны және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 88 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыс автожолдарына 2 200-ге жуық жол белгілері мен 100 метр жасанды кедір-бұдыр (вибратор) орнатылып, 46 500 метр жол белгісі енгізілді. 86 430 шаршы метрден астам жол жабындысы жөнделді және 1 100 метр қоршау құрылғылары қалпына келтірілді. Сонымен қатар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша қабылданған іс-шаралар елді-мекендердің көше-жол желілеріне де қолданылуда. Ағымдағы жылы Тараз қаласындағы 135 бағдаршамның 72 пайызының қайта құру жұмыстары аяқталды, 10 негізгі жол қиылысында бағыттардың жұмыс жүктемесіне байланысты басқару циклдерін автоматты түрде өзгертетін «Ақылды бағдаршам» желілік бағдарламасы орнатылып, Тараз қаласының басты көшелерінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында көліктердің 6 жолақты қозғалысы ұйымдастырылып және оң жақты бұрылыстар салынды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Абай және Төле би данғылдарына «Жасыл толқын» қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Н.Сон

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір