• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 23:11:59
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

21 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Заңсыз аң аулауға рұқсат жоқ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекет дамуына тың серпін беретін міндеттерді айқындаумен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелеріне айрықша тоқталды. Осы қатарда браконьерлермен күрес шараларының күшейе түсетіндігін баса айтты. Бұл тұрғыда: «Соңғы уақытта болған қайғылы оқиғалар ұйымдасқан қылмыстың тағы бір түрі – браконьерлік проблемасының бетпердесін ашты. Бүгінде браконьерлер сақадай-сай жабдықталып, қаруланған және өздерінің жазалана қоймайтынына сенімді. Биылдың өзінде жануарлар әлемін қорғап жүрген екі инспектор браконьерлердің қолынан қаза тапты. Жақында Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінде браконьерлердің қылмыстық тобы ұсталды. Бұл тек бір ғана мысал, алайда браконьерліктің тамыры тереңге жайылған, соның ішінде бұл құқық қорғау органдарының салғырттығынан болып отыр. Браконьерлер ұлттық байлығымыз – табиғатымызға аяусыздықпен орны толмас зиян келтіруде. Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатайту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын», – деп атап көрсетті Президент.

Браконьерлермен күреске жауапты мекеменің бірі- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы. Қазіргі таңда аталмыш инспекцияда 32 адам еңбек етеді. Мемлекеттік инспекторлардың қауіпсіздігі үшін оларға 20 қару-жарақ бекітіліп беріліпті. Іссапар кезінде инспекторлар міндетті түрде мемлекеттік қарумен қамтамасыз етіледі екен. Егер инспекцияның материалдық базасы жақсы болса, заңсыз аң аулаушылармен күрес жүргізу айтарлықтай жеңілдей түсетіні анық. Мәселен инспекция иелігінде 16 мемлекеттік автокөлік бар. Соның ішінде 7 «УАЗ», 1 «Газел» мен 6 «Нива – Шевролет» және «KIA Sportage», «Toyota Fortuner» көліктері браконьерлерді құрықтауға жарап тұр.

Жалпы, облыс аумағында 49 аңшылық алқап орналасқан болса, оның ішінде 44 аңшылық алқап 27 табиғат пайдаланушыға бекітіліп беріліпті. Мұнан өзге 5 аңшылық алқап резервтік қор есебінде екен. Бекітіліп берілген аңшылық алқап 107 қорықшының қарауында көрінеді. Ол аумаққа тиесілі 88 автокөлік бөлініп, 54 кордон және 20-дан аса қонақүй орналасқан. Сондай-ақ «Андасай» секілді мемлекеттік табиғи зоологиялык қорықтарды күзетумен «Охотзоопром» іспетті республикалық мемлекеттік мекемелер де айналысады екен. Олардың да міндеті –Қызыл кітапқа енген аң құстарды қорғау және өсімін молайту.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір