• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:45:31
Алматы
+35°

Бүгінде мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына жан-жақты жағдай жасалуда. Өз кезегінде бизнес құрылымдары да заң талаптарын сақтап, бекітілген тәптіпке бағынуы тиіс. Бұл тұрғыда түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Осы орайда Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты облыстық филиалы бизнес ортасының өкілдеріне арналған менеджмент жүйелерін кәсіпорындарда енгізу бойынша аймақтық семинарын ұйымдастырды.

Негізінен аталған жиын халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйелерін ендірген және сертификаттаған отандық кәсіпорындардың санын арттыру, сонымен бірге ISO 9004 «Сапа менеджменті. Ұйымның сапасы. Тұрақты табысқа жету бойынша ұсынымдар» және «ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйелері. Пайдалану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық» жаңа стандарттарының талаптарын түсіндіру мақсатында өтті.

Жалпы осындай жаңа талаптар қатысушы бизнес өкілдерінің де қызығушылығын тудырды. Өйткені, бұл кәсіпорындар мен ұйымдарға келешекте тәжірибеде барлық қажетті құралдарды дұрыс және тиімді пайдалануға, энергетикалық менеджментті басқару жүйесінде, сондай-ақ өнім мен қызметтер өндірісін, өнім сапасын тек ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықта да кәсіпорын мен ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

– ISO 9004 және ISO 50001 стандартының талаптарын енгізу бойынша ғана емес, жалпы ұйымның қызметін жақсартуға бағытталған ұсынымдарды қамтитын жүйені жақсарту бойынша жетекшілік болып табылады. ISO 9004 стандарты менеджмент жүйелерінің жекелеген аспектілерін жақсартудың көптеген жаңа идеяларын қамтиды. Сонымен қатар, энергия менеджментіне жүйелі көзқарас бүгінде өте өзекті тақырып, өйткені ол үздік әлемдік тәжірибені ескеретін ISO 50001 стандартының ұсынымдарын ескере отырып үрдістерді құруды көздейді. Энергия ресурстарын басқару және энергия үнемдеу – қазіргі кәсіпорындар үшін ең өзекті үрдістердің бірі, – дейді дәріс өткізген «Астаналық сапа және метрология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі, сарапшы-аудитор Елена Булатова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір