• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:42:39
Алматы
+35°

Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізетін фактордың бірі. Сондықтан да оған қарсы іс-қимыл шаралары бір сәтке де толастамайды. Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселеге айрықша көңіл бөлім, қазына қаржысына қол салғандардың жазасыз қалмайтындығын қатаң ескертті. Осы орайда Жамбыл облысында да кешенді шаралар жүзеге асуда. Мысалы, жақында Жуалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының үшінші тоқсандағы кеңейтілген отырысы болып өтті.

Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев, аталған департамент қызметінің тергеушісі Батыржан Шамгунов пен аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Отырыс барысында қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән жайларды жою жөнінде және аудандағы сыбайлас жемқорлықтың орын алған көрінісі туралы Батыржан Шамгунов баяндады. Ол аталмыш аудандағы балабақшаның мүліктерін жымқырған тұлғалардың ісі бойынша жасалған жұмыстарды тілге тиек етті.

Бұдан соң ағымдағы жылы ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған шаралары жөнінде аудандық білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжановтың хабарламасы тыңдалды. Мәжит Мамытұлы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен білім мекемелерінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары жасалынғанын, жоспарда нақты белгіленген шаралардың орындалу мерзімдері мен жауапты қызметкерлер бекітілгенін атап өтті.

Жиынды қорытындылаған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев ауылдық округ әкімдеріне сыбайластық құқық бұзушылыққа әкелетін көріністердің орын алуының алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жасау керектігін атап өтті. Сонымен бірге ауылдық округ басшыларының қызметіне сай әрекет етіп қана қоймай, жүріс-тұрысына да зор мән беруі керектігін тілге тиек етті.

– Ауылдық округ әкімдері сол жергілікті халықтың алдында ең үлгілі тұлға болуы тиіс. Оның айтқаны тыңдалуы керек әрі дер кезінде орындалуы керек. Тіпті халықтың алдында сөйлеген сөзі мен киіміне де ерекше мән беруі тиіс. Бір кездері футболкамен жүріп ел басқарғандардың ісін тәртіптік кеңесте қараған болатынбыз. Халықпен тіке жұмыс жасайтындықтан халықтың наразылығы я мемлекетке деген сенімділігі сіздер арқылы келеді, – деді Равиль Қуанышұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір