• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қазан, 10:13:43
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

21 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Амангелді Сембин – "Ла Скалада" ән салған тұңғыш қазақ

Италияның Милан қаласындағы «Ла Скала» театры әлемдік мәдениеттегі орны айрықша ғимарат. «Ла Скала» сахнасында әлемге танымал өнер майталмандары ғана көрсетеді. Ал өткен ғасырдың 70-жылдары бұл театр сахнасында тұңғыш қазақ баласына ән шырқау бақыты бұйырды. Ол Жамбыл облысының, Сарысу ауданы, Жайылма ауылының тумасы Амангелді Сембин еді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Әлемдік мәдениеттің ең озық ордасы саналатын сахнада ән шырқаған Амангелді Нақыпұлы Мәскеу консерваториясының вокалдық бөлімін тәмамдаған әнші-педагог. Бұл оқу орнында Амангелді Сембин қазақтың асыл перзенті Дінмұхамед Қонаевтың арнайы степендиясымен білім алған екен. Ал 1973-1975 жылы ол Италияның Милан қаласындағы «Ла Скала» опера театрынан тәжірибе жинақтауға жіберіледі. Осылайша Амангелді Нақыпұлының есімі қазақ өнері тарихында «Ла Скала» сахнасында ән шырқаған тұңғыш қазақ ретінде алтын әріппен жазылды. Әрі Амангелді Сембиннің алтын даусы әлемге танымал өнер қайраткерлері тарапынан оң бағаға ие болғандығы да айтылады .

Елге оралған соң А.Сембин кәсіби маман ретінде Қазақ академиялық опера және балет театрында, Алматы театр –көркемсурет институтында соло-әншісі, педагог қызметтерінде еңбек етті. Сондай-ақ итальян-қазақша музыкалық термин сөздігі, «Саз сөздігі», «Ән бағдарламасы», «Ән әліппесі» сынды әдістемелік оқу құралдарын жазып шыққан.

Ол аңызға бергіссіз шығармашылық ғұмырында Германия, Франция, Чехославакия елдеріне гастролдік сапармен барып, қазақ өнерін күллі Еуропа жұртшылығын танымал ете алған тұлға. Осы еңбегі үшін Амангелді Нақыпұлына 1976 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді.

Қазақ операсы тарихында Амангелді Сембин есімі А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абайында», М.Төлебаевтың «Біржан – Сарасында», Дж.Вердидің «Травиатасы» мен «Риголеттосында», П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегинінде», Е.Брусиловскийді «Қыз Жібегінде», С.Мұхамеджановтын «Жұмбақ қызында», Дж.Пуччинидің «ЧиоЧио-Санында», Ш.Гуноның «Фаусында», Моцарттың «Дон Жуанында» белгілі партияларды өз деңгейінде орындаған опера әншісі ретінде де қалды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір