• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
22 Қазан, 17:41:03
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

21 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Темір жол 82 жылдан бері өңір экономикасына қалтқысыз қызмет етіп келеді

Өткен ғасырдың алғашқы жылдарында қазақ даласында индустрияландырудың тұңғыш қадамы темір жол желілерінің құрылысымен басталғаны мәлім. Ал Жамбыл өңіріндегі алғашқы темір жол желісі Бурный станциясына 1917 жылы жетті. Осылайша тоғыз жолдың торабындағы өлке Жамбыл облысында темір жол қызметінің тарихы басталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы Қазақстандағы темір жол қызметінің тарихы 1904 жылдан бастау алады. Дәл осы жылы Оренбург-Ташкент темір жол бағытының солтүстік бөлігініде Оренбург Қазалы бағыты ашылды. Бұл темір жол желісі сол жылдардың өзінде жолаушылар мен жүк тасымалының локомативіне айналып үлгерген болатын. Ал 1912 жылы Арыс станциясынан Бішкек станциясына дейін Семиреченский жол бөлімінің құрылысы басталды. 5 жыл өткен соң осы желі Жамбыл облысының аумағына өтіп қазіргі Жуалы темір жол бекетіне жетті. Дәл осы тарихи оқиғадан 3 жыл уақыт өткен соң яғни 1920 жылдың 28 қарашасында қозғалыс құрамы Әулие-Ата станциясына келді. 1924 жылы осы станцияда вагондарға техникалық қызмет көрсететін депоның құрылысы жүргізілді. Одан соң Әулие-Ата темір жол желісі арқылы отарба Қырғызстанның астанасын Бішкек қаласына қарай бағыт түзді. 1930 жылы Кеңес одағының индустрияландыру тарихында ғасыр құрылысына баланған Түркісібтің құрылысы аяқталды. Бұл алып құрылыстың бас-қасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Мұхамеджан Тынышбаев, Тұрар Рысқұлов сынды Алаш ардақтылары да табылды.

Қазір Жамбыл темір жол бекетінің жылдық жүк тасымаланың көлемі шамамен 80 миллион теңгені құрайды. Әрі инфрақұрылымдық жетілдіру нәтижесінде өңірден жүк пойыздарының жүріп өту уақыты екі есеге дейін азайған.

Бүгінде «Жамбыл жол бөлімшесі» филиалы қазақстандық темір жол желісіндегі шығыс пен батысты, Азия мен Еуропаны байланыстыратын алтын көпір саналады. Өңірде Шу-Отар темір жол теліміндегі екінші темір жолдың құрылысы есебінен темір жол қызметінің өткізу қабылеттілігін тәулігіне 68 пойызға дейін көтеруге қол жеткізілді. Сол секілді Жамбыл темір жол бекетінің жолаушылар тасымал саласындағы рөлі орасан зор.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір