• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:42:01
Алматы
+35°

Жамбыл облысының тереңнен тамыр тартатын тарихы әлем өркениетінен өзінің лайықты орнын алуда. Өңірде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді адамзаттың ортақ игілігіне айналдыру мақсатында қолға алынған ауқымды істер жетерлік. Соның нақты бір мысалы ретінде 5 жыл бұрын өңірдегі 5 ежелгі қалашықтың ЮНЕСКО қорғауына алынған атап өтуге болады. Өз кезегінде, бұл бастама Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен де үндестік тапты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы саналатын бұл құрылым өз жұмысын 1945 жылы бастаған. Бүгінде әлемдегі 193 мемлекет аталған ұйымның мүшелігіне өткен. Құралғаннан бері ЮНЕСКО әлемдегі руханиятты дамыту ісінде ауқымды істердің атқарып келеді. Дәл осы құрылымның бастамасымен Ұлы Отан соғысында қираған кітапханалар мен мұражайлар қалпына келтірілді. Әлемнің бірқатар елдерінде сауатсыздық ісіне қарсы күрес жүргізіліп, бастауыш мектептер ашылды.

Ал 60 жыл бұрын ЮНЕСКО жанынан Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет құрылды. Дәл осы комитет әлемнің әр қиырындағы адамзат тарихын айғақтайтын ескерткіштерді қорғауына алып келеді. 2014 жылы «Жібек жолы ескерткіштері:Тянь-Шань» дәлізі аталымы бойынша Жамбыл облысынан 5 тарихи ескерткіш бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді. Атап айтар болсақ бұл тізімді, өңірдегі сан ғасырлық тарихы бар Ақыртас, Ақтөбе, Құлан, Қостөбе, Өрнек қалашықтары толықтырды. Оған дейін бұл ұйымның тізіміне Қазақстан аумағында небәрі 3 қана нысан алынған екен. Сондықтан да бір Жамбыл облысынан 5 нысанның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілуі өлке тарихының әлемдікдік өркениеттегі тартымдылығын аңғартса керек. Мәселен ЮНЕСКО тізіміне алынған Ақыртас кешені құрылысына қатысты түрлі деректер айтылды. Тіпті IX-X ғасырларда Қарлұқ мемлекеті билеушілерінің ордасы ретінде салынған қамал-сарайдың құрылысына араб құрылысшылары шақырылып деген де қызықты мәліметтер кездеседі. Ал Ақтөбе қала жұрты мұндағы қала мәденетінің, сауда-экономикалық байланыстың жоғары деңгейде жолға қойылғандығынан хабар береді. Сондықтан кей деректерде Ақтөбе қала жұрты Баласағұн қаласының орны болуы мүмкін екені айтылады. Сол секілді іргетасы VII-VIII ғасырларда қаланған Қостөбе, Құлан, Өрнек қалаларының да жұмбағы ашылмай келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір