• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 17:53:45
Алматы
+35°

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының кезектен тыс ХХVІІІ конференциясы өтті. Конференцияға «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат , «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының, партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, партияның облыстық және қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, қала әкімдігінің бөлімдері мен мемлекеттік органдарының және кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Конференцияға сайланған 190 делегат күн тәртібіне қойылған үш мәселені қарады. Атап айтқанда, делегаттар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді, «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасын сайлау және «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өгертулер енгізу мәселелерін қарады.

Күн тәртібінде тұрған 1-ші мәселе бойынша партия Тараз қалалық филиалының төрағасы, Тараз қаласы әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаев баяндады. Және тақырыпқа байланысты «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редакторы, делегат Эльмира Иниятқызы Мырза-Ғали, «Nur Otan» партиясының Тараз қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясы жетекшісінің міндетін атқарушы, Жамбыл облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисі мекемесінің басшысы Серікбол Берікқожа, «Құмшағал» бастауыш партия ұйымының төрайымы Мәриям Айтбекова жарыссөзге шығып сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат та түсіндіре кетті.

Келесі кезекте күн тәртібіндегі екінші мәселені, яғни «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Аталған мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат партия Тараз қалалық филиалының төрағасы болып Қайрат Әскербекұлы Досаевты сайлау ұсынысын білдірді. Делегаттар ортаға салынған ұсынысты бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Сонан соң күн тәртібіндегі мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы партия Тараз қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаев баяндама жасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір