• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:26:41
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін айтқан болатын. «Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет. Осыған байланысты арнайы «Ауыл - ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыру қажет. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек. Бұл әкімшіліктердің міндеті», - деді Мемлекет басшысы.

Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс өресін көтеру үшін қолға алынған «Ауыл - ел бесігі» жобасы қарқынды жұмыс істеуде. Соның бір жарқын мысалы Байзақ ауданында да көрініс табуда. Жоба аясында аудан орталығы – Сарыкемер ауылын дамытуға бағытталған нақты істер жүзеге асырылуда.

Атап айтар болсақ, «Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша ұсынылған жобалардан Сарыкемер ауылында барлығы 948,0 млн. теңгеге 29 жоба іріктеліп алынды. Оның ішінде, көшелерді жарықтандыруға 4 жоба 372,6 млн. теңге, білім нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуге 4 жоба 253,7 млн. теңге, денсаулық сақтау саласы нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуге 2 жоба 93,9 млн. теңгеге, спорт нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуге 3 жоба 60,1 млн. теңге, мәдениет саласында 5 жобаға 52,5 млн. теңге, жолдарды жөндеуге 10 жоба бойынша 108,0 млн. теңге және жұмыспен қамту орталығының ғимаратын ағымдағы жөндеуге 7,2 млн. теңге қаралған.

Қазіргі таңда, 29 жобаның жеңімпаздары анықталып, 28 жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп, оның 11 жобасы аяқталды. Нақтысын айтқанда, Сарыкемер ауылындағы орталық аурухананы, балалар жасөспірімдер спорт мектебін, Сарыкемер ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназияның шағын стадионын, Сарыкемер ауылындағы орталық кітапхана ғимараты мен мұражайды, Байзақ батыр, Д.Қонаев, Төле би, Ж.Дидарбеков, Ұ.Сыздықбаев, Наурыз, Сапаралиев, М.Әуезов, М.Әуезов бұрылысы, Райымбек баба, Бұралқиев, Ы.Сүлейменов, Құлымбаев, Сыпатай батыр, Бәйдібек баба, М.Мәметова көшелерін ағымдағы жөндеу және Бәйтерек ауылдық округіндегі Новая және Байзақ батыр көшелерін электрмен жарықтандыру, ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ағымдағы жылдың шілде айы мен тамыз айына игеруге жоспарланған қаражат 185 260 млн. теңгені құраса, оның 184 798 млн. теңгесі игеріліп, игерілмеген қаржы көлемі жергілікті бюджеттен 5 690 млн.теңгені құрап отыр.

«Ауыл — ел бесігі» ауқымды жобасының аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдар қарқынды дамып келеді. Бұл жоба алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір