• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:09:47
Алматы
+35°

Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту – жұмыссыздықты жоюдың негізгі алғышарттарының бірі. Бұл ретте Жамбыл облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” бағдарламасы жастардың игілігіне жарауда. Әсіресе, аталған бағдарламаның екінші бағыты «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсына жалызушылардың қарасы қалың. Жуырда осы бағыттағы «Жас кәсіпкер» жобасына байзақ ауданынан қатысқан 70-ке жуық жасқа сертификаттар табысталды.

Кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушысы Диана Балтабайқызының айтуы бойынша, аталған курс кәсіпкерлік негіздерін танып, түсінуге көмектескен. Тыңдаушылар әзірлеген жоспарларын таныстырып, болашақ жобаларын қорғады. Бір айта кетерлігі, жобалар ауыл шаруашылығы салаларын, әсіресе, мал шаруашылығы саласын кеңінен қамтыған.

Қатысушылардың ең басты артықшылықтары – олар әлі жас, күші көп жасампаз жандар. Олар білуге құмар және ізденімпаз. Өздерін-өздері жетілдіруге дайын. Алған білімдерін тәжірибеде қолдануды жөн санайды. Бір айға созылған оқу барысында жас кәсіпкер мектебінің тыңдаушылары бизнес жүргізудің заңдық, экономикалық және әлеуметтік қырларын, сондай-ақ маркетинг пен менеджментті оқып, бизнес-жоспар құруды үйренді.

Жастар өз бизнес-жобаларында қой шаруашылығы (оның ішінде, сүтті ешкілер өсіру), құс шаруашылығы, майлар мен майлар өндірісі, тігін цехы (ателье, тоқу цехы), сұлулық салондарының қызметтері (шаштараз), автосервис (техникалық қызметтеу станциясы, шиномонтаж, автобөлшектер), нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндірісі, қоғамдық тамақтану қызметтері, шеберхана (техниканы жөндеу, кәдесыйлар, құрал-саймандар) және жылыжай шаруашылығына басымдық берген.

Айта кетейік, аталмыш жоба нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Оқыту ұзақтығы - үш апта. Оқу кезеңіне шәкіртақы төленеді. Оқу аяқталғаннан кейін сертификат беріледі. Сертификат 200 айлық есептік көрсеткішке (505 мың теңге) дейінгі соммада грант алуға конкурсқа қатысуға құқық береді. Сонымен қатар төмен пайызда несие аламын деушілерге қаржылық сүйемелдеу жасалады.

Байзақ ауданы бойынша осы жобаны жүзеге асыру барысында бірінші лекте 50, ал, екінші лекте 70 жасты қамту және оларды белсенді кәсіпкерлікке тарту көзделген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір