• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:44:52
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Шу ауданының ауыл шаруашылығы саласында 2019 жылы жалпы құны 11549,3 млн. теңгенің өнімі өндірілді физикалық индекс көлемі 100,2%, оның ішінде егін шаруашылығы 2188,0 млн.теңге физикалық индекс көлемі 97,7%, мал шаруашылығы өнімі 9331,4 млн. теңге физикалық индекс көлемі 108,8%. Өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1794,7 млн. теңгеге жоғары, 118,4%-ға орындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2019 жылдың өнімі үшін егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі 111946,3 га, оның ішінде: жаздық арпа 23710 га, күздік бидай 15268 га, дәндік жүгері 1470га, майлы дақылдар 9941 га, картоп 1244га, қант қызылшасы 725,1 га, көкөніс 10180 га, бақша 8580,2га, бір жылдық шөп 17333 га.

Қант қызылшасының жоспары бойынша ауданға 1500 га жоспар беріліп, орындалуы 725,1 гектарды немесе 48,3%-ды құрады. 2019 жылы 1 тонна аммиак селитрасының бағасы 78 400 теңге, тасымалдау құны әр тоннасына 5 950 теңгені құрап, қоса келе 1 тонна селитрасының бағасы 84 350 теңгені құрайды. Сонымен қатар, 2018-2019 жылдарға 17000 тонна фосфогипс ұнтағын алу жоспарланып, 4210 тонна фосфогипс алынды немесе 24,8%-ды құрады. Ауданға 2019 жылдың көктемгі-жазғы дала жұмыстарына 2145 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Оның ішінде: шілде айына 780 тонна, тамыз айына 455 тонна, қыркүйек айына 390 тонна, қазан айына 520 тонна.

Көктемгі егіс дала жұмыстарына 613 тракторлар дайын. Оның ішінде 573 доңғалақты трактор. Трактор соқалары, дән сепкіштер және басқа да көктемгі дала жұмыстарына пайдаланатын ауыл шаруашылығы техникалары 100 пайызға дайындалды. Аудан 1997 жылға дейін негізінен қант қызылшасы мен биязы жүнді қой, оларға қосымша астық, сүтті, етті-сүтті мал, жылқы, шошқа, көкөніс, бақша, қымбат елтірілі аң өсіруге маманданған 3 ұжымшар, 14 кеңшар, 1 аң шаруашылығы болған. Ауданда барлық ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы (2005) шамамен 1,08 миллион га, оның ішінде егістік жер 160,3 мың га. Ауыл шаруашылығына тікелей арналған жер 807,3 мың га-ны құрайды. Оның 57,6 мың га жері шаруа қожалықтарына берілген.Ауданда экономика саласы бойынша тіркелген шаруашылық субъектілерінің саны (2005): өнеркәсіп саласында 7, ауыл шаруашылығында 39, құрылыста 3, сауда және қоғамдық тамақтандыруда 20, басқалары 20. Ауданда өсімдік шаруашылығымен бірге мал шаруашылығы да жақсы дамыған. 2005 жылы ауыл бойынша 15,8 мың ірі қара, 89,9 мың қой мен ешкі, 5,2 мың жылқы, 3,4 мың шошқа, 85,0 мың құс болды. Олардан (барлық шаруашылық санаттарын қоса есептегенде) 3,43 мың т ет, 10,8 мың т сүт, 2,3 миллион дана жұмыртқа өндірілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір