• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:59:37
Алматы
+35°

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі Жамбыл облысында тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,3%-ға артты (166,6 млрд.теңге). Құрылыс көлемі 62,8 млрд. теңгені құрап, 2,5%-ға өсті. Тұрғын үй құрылысында 333,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (бұл 2018 жылдың тиісті кезеңіне 107,3%). Бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексі 105,1%-ды құрады (189,1млрд. Жүк айналымы 5,0%-ға, жолаушылар айналымы - 5,1%-ға артты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Инфляция деңгейі жыл басынан (2018 жылғы желтоқсанға қарағанда) 3,0% деңгейінде қалыптасты (ҚР – 3,0%)). Азық-түлік тауарларға тұтыну бағасы 6,0%-ға (ҚР – 6,1%), азық-түлік емес тауарлар – 2,7%-ға (ҚР – 2,9%) артты, ақылы қызметтер - 0,6%-ға (ҚР – 0,6%-ға) төмендеді. Айлық инфляция 2019 жылғы шілдеде 0,4% құрады (ҚР – 0,2%).Шетелден тікелей инвестиция тарту жұмыстарын барынша жандануда. Бұл – атқарушы билік басымдық беруі тиіс міндеттердің бірі. Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары аясында әрбір сала мен өңір үшін нақты мақсатты көрсеткіштер белгіленген. Мемлекеттің технологиялық мүмкіндігі мен бюджеттік қаражаттардың шектеулігі, әлемдік тікелей инвестиция нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі кезінде мемлекеттік инвестициялық саясатты дұрыс таңдау басымдығы қашанда арта түседі. Өйткені мемлекеттік саясаттың тұрақтылығы, болжам жасай алуы және сабақтастық инвестициялық жобаларды дайындау мен жүзеге асыруға қажетті жағдай туғызады. Соның бір көрінісі Қазақстандағы отандық және шетелдік кәсіпкерлерге қолайлы ортаның жасалып отырғандығы деуге болады. Қазақстан Республикасының Инвестиция жөнідегі комитеті 1997 жылдан 2001 жылға дейін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында салықтық жеңілдік пен артықшылықтар беруге 345 шарт жасасты. Міне осы жасасқан шарттар бойынша негізгі капиталды құраған инвестиция көлемі 2403 млн. АҚШ долларына жетіп, 40 мың жаңа жұмыс орындары пайда болды. Жоғарыда аталған, яғни тіркелген шарттардың 244-і отандық инвесторлармен болса, 101-і шетелдік инвесторлармен жасалды. Айта кету керек, Қазақстан әлем экономикасы қиыншылықтарға тап болған жылдары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Экономикалық қайта құрулар мен халықтың жан басына шаққандағы инвестиция көлемі Орталық және Шығыс Еуропа және ТМДмемлекеттері арасында Қазақстан көшбасшы елдердің үштігіне қосылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір