• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:06:48
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Шу ауданында 2019 жылы Конкурс арқылы ауыл шаруашылығы айналымына 18625,41 га жер телімдері енгізілді. Оның ішінде 1329,726 га егістік (оның ішінде суармалы-300,8398), жайылымдық 17295,68 гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерді сауда-саттыққа шығаруда есепті кезеңде 4 аукцион ұйымдастырылып, 8 409 900 миллион теңгеге 15 жер телімі сатылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ауыл шаруашылығы ветеринария саласымен де тығыз байланысты. 2019 жылға аудан әкімдігінің ветеринария бөліміне эпизоотиялық іс-шараларды атқару үшін 232,8 млн. теңге қаржы бөлінген, жетіайда игерілген қаржы 147,8 млн. теңге. Аудан бойынша Шу қаласы және 18 ауылдық округте қарапайым 21 дана мал өлекселерін тастайтын қорымдар (демеушілердің қолдауымен салынған) және екі дана типтік «Беккари» шұңқырдың 1-і іске қосылған. Ал Төлеби ауылындағы теңгерімге алынбағандықтан іске қосылмаған. Диагностикалық тексерістердің қорытындысы бойынша МІҚ-н 11 бас аура мал бөлініп, 1 бас өлген. Уақ малдардан 83 бас ауру бөлінген, 77 бас малдар арнайы мал сою алаңында сойылған, 6 бас өлген. Бірдейлендірілген мал басы ірі қара 38795, ұсақ мал 183032, шошқа 923, жылқы 3947 басты құрап отыр. Сала бойынша салынған инвестиция көлемі 22 млрд. 543,6млн. теңгені құрап, (2018ж-17215,3млн.)2018жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5328,3млн. теңгеге жоғары, физикалық индекс көлемі 125,9 пайыз . Саладағы сақа маманның бірі Болатхан Кемелұлы 1975 жылдың 3 қазанында Жамбыл облысы, Шу ауданы Новотройцкое ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы Алматы облысы «Аватское» құс фабрикасы ЖАҚ-ның, «Алтын диірмен» корпорациясы мал дәрігер болып бастаған.

Осы орайда жуырда Шу ауданында «Облыс аумағында ветеринариялық–санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» атты тақырыбында облыстық семинар – кеңес болып өтті. Семинар - кеңеске Жамбыл облысының орынбасары М.Шүкеев, Жамбыл облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы О.Бердияров, осы басқарманың бөлім басшылары және ауылшаруашылығы саласына қатысты облыстың басқарма басшылары, Жамбыл облысы бойынша аудан әкімдерінің ауылшаруашылығы саласы бойынша орынбасарлары, аудандардың ветеринария бөлімінің басшылары, «Ветеринариялық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директорлары, аудандардың «Ветеринариялық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның ветеринариялық пункттердің меңгерушілері қатысып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша орамды ойларын ортаға салды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір