• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 11:49:01
Алматы
+35°

Қандай да болмасын мемлекеттің дамуы – ең бірінші қаралған қаржының тиімді игерілуінде екені хақ. Теңге тетігін тауып жатса, жұмыс да жүйесін табатындығы даусыз. Сондықтан да жамбыл облысында мемлекеттік қаржыны иегуде жүрдім-бардымға ешқана жол берілген емес. Соның нәтижесінде қазына қаржысы мақсатты жұмсалуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы облыс бойынша бюджеттік қаражаттар 210,8 млрд. теңгеге немесе 98,6%-ға игерілген, игерілмегені – 2,9 млрд. теңге (2018 жылдың 1 қыркүйегіне – 98,0%, игерілмегені – 3,5 млрд. теңге). Есепті кезеңде әлеуметтік көрсеткіштердің оң динамикасы байқалды. Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2019 жылдың 1 тоқсанында 66361 теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы көріністе 14,0%-ға, нақты – 8,5%-ға артты. Орташа айлық атаулы жалақы 2019 жылдың 2 тоқсанында 126,5 мың теңгені құрап, атаулы көріністе 13,7%-ға, нақты - 8,2%-ға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың 2 тоқсанында 4,8%-ды құрады.

Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды.

Десе де мұндай үрдіс Жамбыл жеріне жат емес. Қаржының мақсатты да, тиімді игерілудің арқасында жұмыссыздықпен күрес те, бағдарлы болашаққа салынған жол да бағдарын тауып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір