• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:32:18
Алматы
+35°

Инвестициялық жобалар ел игілігіне жарап-ақ жатыр. Соңғы жылдардың бедерінде Жамбыл облысына тартылған қаржы көлемі де өсіп, талай тірлік тетігін табуда. Мойынқұм ауданындағы жолдар құрылысына, «Мойынқұм Агро» ЖШС асыл тұқымды мал өсіру және «Алтын алмас» АҚ Ақбақай филиалының лабораториясына жапсарлас балқыту бөлімшесінің құрылысын салуға тартылған инвестициялар жеткізілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бөлшек сауда айналымы 5,1%-ға артты (189,1 млрд. теңге). Өсім көлік саласында да байқалады. Жолаушы тасымалы 5,5%-ға (669,1 млн.адам), жүк тасымалы – 0,2%-ға (62,8 млн. тонна) өсті. Инфляция деңгейі жыл басынан (2018 жылғы желтоқсанға қарағанда) 3,0% деңгейінде қалыптасты (ҚР – 3,0%)). Азық-түлік тауарларға тұтыну бағасы 6,0%-ға (ҚР – 6,1%), азық-түлік емес тауарлар – 2,7%-ға (ҚР – 2,9%) артты, ақылы қызметтер - 0,6%-ға (ҚР – 0,6%-ға) төмендеді. Айлық инфляция 2019 жылғы шілдеде 0,4% құрады (ҚР – 0,2%). Меншікті кірістер жоспары 44,4 млрд. теңгеге (жоспар 37,8 млрд. теңге) немесе 117,6%-ға орындалып, бюджетке 6,6 млрд. теңге жоспардан артығымен түсті, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өсім 114,2%-ды құрады (+ 5 млрд. 516,9 млн.тг). Жоба құны 600 млн теңгені құрайды. Мұнда тұрақты жұмыспен 100 адам қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Жаңа зауыттың қуаты жылына 1,5 мың тонна балық өнімін шығаруға мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, Мойынқұм ауданында биылғы екінші жарты жылдықта жаңа асфальт зауыты да іске қосылмақ. Бұл жобаның құны 67 млн теңгені құрап, қуаты жылына 30 мың тонна асфальт пен 1 мың тонна битум шығаруға жеткізілмек.

Мұнан бөлек, қазақстандық инвесторлардың Мойынқұм ауданында мал шаруашылығын дамытуға қаржы құюға ниетті екені белгілі болды. Осылай, өңірде алдағы екі жылда асыл тұқымды сиыр өсіруге арналған толық кешен салуды жоспарлаған. Алдыңғы кезекте бес мың бас ірі қара мал сатып алуды қолға алмақ. Қазіргі уақытта барлық құжаттар даярланып, жер учаскесін бөлу сұрақтары қаралып жатыр. Жоба 5 млрд теңгеге шақталған. «Мойынқұм Агро» жаңа ірі шаруа қожалығы құрылып, қуатты күшіне шығуда.

Міне, Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті болашақта осындай болмақ. Қазақстанның қазынасын байытып, экономикасын дамытуда Жамбыл облысы өз үлесін осылай қосуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір