• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:54:59
Алматы
+35°

Индустриялық жобалар ел келешегі екені даусыз. Сондықтан да жылда өңір-өңірлер де ауқымды жобалар жандануда. Жамбыл облысында да оң динамикаға индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындар да өз үлесін қосуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мәселен ағымдағы жылы 693 жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін жалпы құны 11,9 миллиард теңгеге 8 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның 2-уі экспортқа бағытталған.

- GMP және GLP стандарттары бойынша ветеринариялық препараттарды өндіретін биокомбинат құрылысы («Bio Vit KZ» ЖШС-гі);

- Алғашқы аквопоника технологиясы негізінде салат дақылдары мен балықты өндіріп өңде («GREENWILL» ЖШС).

Жыл басынан 1,1 миллиард теңгеге 2 жоба іске қосылып, 17 жаңа жұмыс орны құрылды («Қордай сүт өнімдері» ЖШС, «GREENWILL» ЖШС).

Ауыл шаруашылығында есепті мерзімде 131,8 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 3,9 пайызды құрады. Бұл республика өңірлері аралығындағы 5-ші оң көрсеткіш (ҚР – 3,8%).

Мал шаурашалығында ет өндірісі – 3,6 пайызға, сүт өндірісі – 2,9 пайызға, жұмыртқа өндірісі – 6,5 пайызға артты.

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдары 687,2 мың гектарға орналастырылды және өткен жылмен салыстырғанда 25 мың гектарға немесе 2,7 пайызға артты.

Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар. Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді» деген болатын. Ауыл шаруашылығына шетелден инвесторлар тарту – маңызды міндет. Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Үкімет нақты нәтижеге қол жеткізуі керек.

Біз Елбасының «Ауыл – Ел Бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Үкіметке «Ауыл – Ел Бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін биыл бөлінген 30 миллиард теңгеге қосымша алдағы үш жыл ішінде 90 миллиард теңге бөлуді тапсырамын,-деді президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев.

Иә, бұл орайда бұған индустиалды жобалардың тигізетін пайдасы орасан екені даусыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір