• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:05:13
Алматы
+35°

Есепті жыл ішінде Жамбыл облысында жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 62,8 миллиард теңгені құрап, 2,5 пайызға артты. Бұл республика өңірлері аралығындағы алдыңғы қатарлы орын деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жыл басынан 333,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, көрсеткіш 7,3%-ға өсті. 260 пәтер көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасыларына берілді.

Баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында облыста жоспарланған 12 жатақхананың 8-нің құрылысы басталды.

Жалпы, тұрғын үй кезегіндегі 2661 көп балалы отбасының 924-і баспанамен қамтылады. Жеке тұрғын үй құрылысына 2877 жер телімі беріледі. Бұдан бөлек, тек электр қуатын тарта отырып 3722 жер телімін беру қарастырылуда. «7-20-25» бағдарламасы аясында 419 адам өтініш беріп, 231-і қолдау тапты. 207 азаматқа 1,4 млрд. теңгеге несие рәсімделді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қаралған 17,6 млрд. теңге есебінен (РБ – 13,7 млрд., ОБ - 3,9 млрд) 30 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (28 үй - 2019 жылы тапсырылуы тиіс, 2 арендалық үй – 2020 жылға өтпелі). 38 инженерлік инфрақұрылым жобаларының құрылысы жүргізіліп, 31 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, 1673 пәтер пайдалануға беріліп, 4654 жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды. Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру. Үкімет жүйесіз бағдарламалар қабылдау тәжірибесін тоқтатып, тұрғын үй саясатын жетілдірудің бірыңғай моделін әзірлеуі қажет.

Мәселен, бастапқыда әлеуметтік мүддеге орайластырылған «7-20-25» бағдарламасы аясында қарыз алушының отбасылық табысы орташа есеппен айына 320 мың теңгені құрауы тиіс. Табысы аз адамдар бұған қатыса алмай отыр.

Сондықтан биыл Елбасының бастамасы бойынша 2 пайыздық жеңілдетілген мөлшерлемемен, пайыздық алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын жаңа «Бақытты Отбасы» бағдарламасы іске қосылды. Бұл – өте тиімді жеңілдік.

Жыл соңына дейін бұл бағдарлама бойынша кем дегенде 6 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бірінші кезекте, көпбалалы және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар қамтылатын болады. 2020 жылдан бастап жыл сайын осындай 10 мың отбасы баспаналы болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір