• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:03:13
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің халыққа Жолдауында «Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп келеді. Жыл басынан бері оның өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды» деген болатын. Яғни еліміздің экономикалық дамуы деген сөз халықтың да тұрмысы түзелу дегеніміз. Міне ағымдағы жыл басынан уақытылы қабылданған шаралардың нәтижесінде Жамбыл облысында экономиканың барлық салаларында өсу үрдісі байқалуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Есепті жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 301,4 миллиард теңгені құрап, 2,4 пайызға өсті. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,8 пайызды құрады (ҚР - 4,8%).

Есепті кезеңде өнеркәсіп саласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға өсім бар (308,7 млрд.теңге), бұл республика өңірлері аралығындағы 8-ші оң көрсеткіш (ҚР – 3,2%).

Өнеркәсіп саласындағы өсім тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемінің – 1,5 пайызға (34,7 млрд.теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 5,7 пайызға (231,0 млрд.теңге), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 0,9 пайызға, (40,2 млрд.теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 10,8 пайызға (2,8 млрд.теңге) артуы есебінен қамтамасыз етіліп отыр.

Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады.

Экономиканың дамуына тың серпін беру үшін Үкімет пен Президент Әкімшілігі отандық және шетелдік сарапшылардың барлық жұмыстарын мұқият саралауы қажет.

Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асырылып келе жатыр.

Бұл көрсеткіштердің барлығы еліміздің экономикасы өрістеп, жыл санап кең қанап жайып келе жатқанын айғақтайды. Қандай жағдай болмасын әулиеаталықтардың әлеуетін арттыратыны анық. Мемлекет басшысының Жолдауында айтқан тұрғындардың тұрмысын түзеу деген осыған келіп саятыны анық.

Ендеше өркенді өрістеуге желкен керген Жамбыл облысының әлеуеті бұдан да арта беретініне сенімдіміз. Және жыл соңына қарай межелі көрсеткіштер тағы еселене түсетініне бек сенімдіміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір