• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:01:20
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Жолдауында тұрғындардың тұрмысын түзету баса айтылғаны белгілі. Ол әрине алдағы онжылдыққа емес, өміршеңдік мерзімге бағытталған бағыт екені анық. Осы орайда Жолдау жүктеген міндет аясында Жамбылда жағымды нәтижелер орын алуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2019 жылдың 1 тоқсанында 66361 теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы көріністе 14,0%-ға, нақты – 8,5%-ға артты. Орташа айлық атаулы жалақы 2019 жылдың 2 тоқсанында 126,5 мың теңгені құрап, атаулы көріністе 13,7%-ға, нақты - 8,2%-ға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың 2 тоқсанында 4,8%-ды құрады. 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында облыс бюджетінің кірістері 203,4 млрд. теңгеге немесе 103,4%-ға орындалды. Меншікті кірістер жоспары 44,4 млрд. теңгеге (жоспар 37,8 млрд. теңге) немесе 117,6%-ға орындалып, бюджетке 6,6 млрд. теңге жоспардан артығымен түсті, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өсім 114,2%-ды құрады (+ 5 млрд. 516,9 млн.тг). Жалпы облыс бойынша бюджеттік қаражаттар 210,8 млрд. теңгеге немесе 98,6%-ға игерілген, игерілмегені – 2,9 млрд. теңге (2018 жылдың 1 қыркүйегіне – 98,0%, игерілмегені – 3,5 млрд. теңге). Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға көп мүмкіндіктер жасады. Соның бірі «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын. Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” заңында жұмыссыздарға-халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін бекітілген жастағы тұлғалар жатады және де олар есепті кезеңде міндетті түрде 3 негізгі критериге сай келу керек:

1.Жұмысы жоқ(табыс әкелетін ісі болмаса) 2.Жұмысты белсенді түрде іздеген (мемлекеттік және коммерциялық жұмыспен қамту орталықтарына барған, баспасөздегі хабарландыруларды пайдаланған немесе оларды баспасөзге берген, тікелей кәсіпорын әкімшілігіне немесе жұмыс берушіге барған, жеке байланыстарын пайдаланған немесе өз ісін ұйымдастыруға талпынғандар) 3. Белгілі бір уақыт кезеңінде жұмысқа кірісуге дайын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір