• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:46:56
Алматы
+35°

Отыздан асқан жігітке анасының мойнында отырған ұнайды. Шешем ешқайда жібермейді, өміріме араласа береді деп шағымданып өту - ыңғайлы. Ол есейгісі келмейді. Өзі үшін жауапкершілік алғысы келмейді.

Шешеге аналық махаббатын бұлдау - ыңғайлы. Елдің өзін қолдағаны, аяушылық танытқанына риза. Бала күтушісін жалдамай, баланы өзі бағып, сосын өзін дүниенің тұтқасын ұстаған қаһарман сезіну - ыңғайлы. Баланың әр басқан қадамын қадағалап, мазалайды, оған сенім арта алмайды.

Еркектерге бірден бірнеше әйелмен кездескен ыңғайлы. Екеуінің бірін таңдай алмаймын деп жалтарады. Екеуі бір-бірін толықтырады деп ақталады. Шын мәнінде бір әйелді толық тануға, шын сүюден қашу ғана. Шешім қабылдаудан басын алып қашу.

Алқаш күйеуден таяқ жеп өмір сүру - ыңғайлы. Елдің көзінше бақытты отбасымыз деп мақтану. Бұл да ешбір шешім қабылдамай өмір сүрудің қалыбы.

Сенен басқаның бәрі шетінен санасыз деу - ыңғайлы. Өзгелерді жақсы білетіндей, айналаңда не боп жатқанын толық түсінетіндей кейіп танытасың.
Анамды ренжіткім келмейді деп өзің қалаған өмірді сүруді бастағың келмесе, мұның сылтау ғана.

Өзіңнің шекараңды көрсетпей, жұрттың бәрі мені пайдаланады деп байбалам салу да - ыңғайлы.

Аяқ астынан ауырып қалып, ең маңызды шешімді қабылдамай тастау да - ыңғайлылық.

Жұмысты жақсы көрмеймін деп айтып алып, еркін өмірден қорқуың да ыңғайлы өмірден кете алмауың. Жаңа өмірдің дәмін сезінбей өтесің.

Өзгелер үшін бәрін істеп, бұлар түк білмейді деу - ыңғайлы. Үнемі соларды бақылаумен уақыт өткізесің.

Ешкім мойындамаған дарын атану да ыңғайлы. Жұрттың бәрін сынап, өзің әлеуметтік желіде тек пікір жазып, әркімнің сөзін бөлісумен шектелу де - ыңғайлы.

Ешқандай тренинг, ешбір психология маған көмектеспейді, мұның бәрін білем деуге салыну да - ыңғайлы. Сонда басқаша жасау деген қорқынышты бастан кешпейсің. Өзіңді ерекше сезіну сезімі қалады. Өте күрделі жағдай. Солай деумен мойындалсаң, тіпті қиын.

Айналаңдағы елді құнсыздандырмағын.
Оларға солай ыңғайлы.

Ыңғайсыздық сезінген ел жаңа жол іздеп жүр. Психологтармен жұмыс жасайды. Не басқа жақтан қолдау тауып, шешім қабылдауды үйренеді. Өмірін өзгертіп жатыр.

Құтқарылғысы келмейтіндерді құтқарудан гөрі пайдалырақ іс істегің келсе, неге бөтен адамдарды құтқарғың келетінін бір сәт ойлашы?

Өз өмірін, өзін басы бүтін өзгертіп жатқан адамдар көп. Оларға ескіше өмір сүрген ыңғайсыз болды. Ыңғайсыздықтан шаршағандар өмірін сенсіз де өзгертеді.

Кристина Хроянка
Аударған: Шынар Әбілдә

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шынар әбілдә

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір