• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 12:02:57
Алматы
+12°

Қаржы министрлігі жер және мүлік салығын 1-інші қазаннан кешіктірмей төлеу керек екенін ескертеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі inform.бюро сайтының дерегіне негізделіп. 

 ҚР Қаржы министрлігі жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Олжас Отар: "Жер және мүлік салығы төлеу 1 қазаннан кешіктірілмеуі тиіс. 19 қыркүйектен бастап мүлік салығы мен жер салығы туралы SMS-хабарламалар қазақстандық салық төлеушілерге (жеке тұлғаларға) жіберіліп жатыр", – деп мәлімдеме жасады.

Жіберілген SMS-хабарламада көрсетілген мүлік салығы мен жер салығының сомасына:

  • 2018 жылға есептелген салықтары;
  • 2019 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша жеке тұлғалардың шоттарында қалыптасқан берешек және артық төлемдер сомалары қосылған.

Салық туралы хабарлама 3 түрлі тәсілмен орындалады.

  • SMS-хабарламасы арқылы;
  • коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің курьерлік қызметі арқылы;
  • egov.kz, яғни "Салық төлеушілер кабинеті" қызметін пайдаланушыларға электронды түрде жіберілді.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір