• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қазан, 10:06:18
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

24 Қыркүйек, 2019 NEWS

Назарбаев: Егер үшінші дүниежүзілік соғыс болса...

Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа мен Азия парламенттері спикерлерінің IV отырысында әлемде үшінші дүниежүзілік соғыс болса, бүкіл өркениет үшін соңғы соғыс болуы мүмкін екенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Жер шарына тағы да қауіп төніп тұр. Егер  жаппай қырып-жою болып, қару қолданып, үшінші дүниежүзілік соғыс болса, бұл біздің өркениетіміз үшін соңғы соғыс болуы әбден мүмкін. Қиындықсыз өмір сүруге, ертеңгі күнге деген қорқыныш пен сенімсіз өмірге, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағына деген үлкен сұраныс бұрыннан қалыптасқан. Мұндай жағдайда жер шарының барлық тұрғындары қарусыздану үшін жаһандық күреске белсене араласып, ғаламшардағы өмірді қорғауға бар күшін салуы керек", - дейді Назарбаев.

Сондай-ақ ол жақында өткен «АСЕМ» және «Бір белдеу - бір жол» форумдарында Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропалық Одақ арасындағы диалогты бастауды ұсынды. Жердегі бейбітшіліктің орнауы осы державаларға байланысты екенін айтып, ұлы соғыстардың келіссөздермен аяқталатынын ескертті. 

"Бұл елдердің басшылары адамзаттың болашағы, тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін ерекше жауапкершілікті сезінетініне сенімдімін. Төрт саяси көшбасшы өздерінің ерік-жігерін көрсетіп, планетадағы шиеленісті болдырмау жолдарын табуы керек. Бұл тек келіссөздер мен диалог арқылы ғана шешіледі" , - дейді Назарбаев. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір