• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:06:53
Алматы
+35°
2019 жылдың қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары 101 мың теңге көлеміндегі максималдық мемлекеттік премия ала алады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТҚЖБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 пайыздық мемлекеттік бонус шотында 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қаржы бар салымшыларға жыл сайын беріліп келеді. Биыл жыл соңына дейін 505 мың теңге жинаған салымшылар 101 мың теңге сыйақы алады. Ал егер шоттағы қаржы 200 АЕК-тен көп болса, онда қаражат 2020 жылдың қорытындысы бойынша берілетін бонус есебіне жатқызылады.

Бір адамның банкте бірнеше депозиті болса, мемлекеттік премия оған бір рет қана беріледі. Сондықтан банк ұсынған "Отбасылық пакет" қызметін қолданған жөн. Яғни салымшы отбасының әр мүшесіне шот ашып, оны белгілі шекке жеткізу арқылы әр шот үшін бонус ала алады.

Айта кетейік, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 1 038 869 салымшыға мемлекеттік премия түскен. Олардың шотына жалпы жиынтығы 28,6 млрд теңге аударылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір