• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:00:45
Алматы
+35°

Қазақстанда микрокредиттер беру тиімді бизнес түріне айналып барады. Клиент саны көбейіп, тұрғындардың кредиттік портфелі жақсара түсуде. Ал пайда болса, шаш етектен. Десе де табыс табу бәрінің бірдей қолынан келер емес, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 365info.kz сайтындағы деректі басшылыққа алып.

Ұлттық банк деректері бойынша 1 шілдедегі жағдайға сәйкес шағын қаржылық ұйымдардың жалпы активінің көлемі 302,6 млрд теңгені құрайды. Көрсеткіш екінші тоқсан қорытындысы бойынша 29,3 млрд теңгеге өскен. Жарты жылдықта шағын қаржы ұйымдарының активі 5,6 пайызға артқан. Бұл аралықта екінші деңгейлі банктер активі 0,4 пайызға ғана өсіп отыр.

Бұл сәйкесінше, микрокредиттерге сұраныс рекордтық қарқынмен артып отырғанын аңғартады. 2019 жылдың сәуір-маусым аралығында берілген қарыз көлемі 25 млрд теңгені құраған. Бұл 2015 жылдан бергі ең үлкен тоқсандық өсіп. Жыл басынан бергі алты айда шағын қаржылық ұйымдар қазақстандықтарға 258,1 млрд теңге сомасында қарыз берген. Бір жыл ішінде қарыз портфелі 37,6 пайызға, алты айда 17,8 пайызға артқан. Бұған банктердің кредит беруді азайтуы сеп болуда.

ШҚҰ-лардың негізгі клиенттері – жеке тұлғалар. Олардың үлесі шағын қарыздардың 98 пайызын құрайды. Айта кетерлігі, көбісі қарызын уақытылы төлеп жүр. 1 шілдедегі жағдайға сәйкес мерзімі өткен қарыздар үлесі жалпы берешектің 6,6 пайызын құраған. Банктер мұндай жетістіктерімен мақтана алмайды. Олардағы сәйкес кезеңдегі көрсеткіш 14,4 пайызға тең.

Миктокредитке деген жоғары сұраныстың арқасында қаржы ұйымдарының «қалтасы» біршама қампайып қалды. Алғашқы жарты жылдықта қаржы ұйымдары 10,5 млрд теңге табыс тапқан. Бұл ұлттық банк бақылауға алған уақыттағы рекордтық сома. Қазір микроқаржылық ұйымдар бір тоқсанда табатын қаражатын 2014, 2015, 2016 жылдары бір жылда да таба алмаған еді. Бүгінде ШҚҰ-дар орташа есеппен күніне 58,7 млн теңге табады.

Бұндай табысты салада ойыншылардың да аз болмайтыны түсінікті. 1 шілдедегі жағдай бойынша елде 165 шағын қаржы ұйымы тіркелген. Алайда олардың бәрінің бірдей тасы өрге жомалап жатқан жоқ. Шығынға батқан ұйымдар үлесі 27,1 пайызға тең.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір