• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:05:48
Алматы
+35°

Мұны өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қарашаш Нұрмамедова айтты.

-«Облыс бойынша заңсыз төленген төлемдерді қайтару бойынша 1-тоқсанда 64 адамға төлем тоқтатылды, олар бюджетке 21,8 млн теңге қайтару керек, ал 4 адамға төлемнің заңдылығы дәлелденіп, төлем жалғастырылды. Екінші тоқсанда 487 адамға  заңсыз төленген 48,1 млн теңге бюджетке  қайтарылуға жатады», - деді Қарашаш Ишбергенқызы.

Сонымен қатар 163  отбасы   табысын жасырған деп танылып, төлем тоқтатылды, олар бюджетке    32, 4 млн қайтаруы тиіс. Жалпы  1425 отбасыға   көмек төлеу жалғастырылды. Қазіргі есептеулер бойынша 714 отбасынан бюджетке     102,3 млн теңге қайтарылуы қажет, оның ішінен бүгінгі күні   78  отбасы 9,2 млн теңгені қайтарды.  

Атаулы әлеуметтік көмек төлеуге     4 427, 2  млн теңге (РБ, Ұлттық қор - 3 875,2 млн, ЖБ-551,9  млн теңге)   бөлінді.

          Жыл соңына дейін көмек алушылар санының  55 мың адамға   (қазір -51 138 адам)  дейін өсетінін ескере отырып, қосымша  3 127,8 млн теңге қаржы қажет етіледі.

    Айта кетейік 1 928 отбасыға (10 502 адам)  атаулы әлеуметтік көмекті төлеу аяқталды. Қазіргі кездегі алушылар саны  7 308 отбасын  (40 820 адам.) құрап отыр.

 

  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір