• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:18:41
Алматы
+35°

Мұны өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов айтты.

Білім беру, әлеуметтік сала және денсаулық сақтау нысандары – 100%, автономдық қазандықтар 90%, көп қабатты тұрғын үйлер 93%, жылу желілері 96%, электр желілері 90%, сумен жабдықтау желілері 88,1% дайын.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС энергетикалық құрал-жабдықтарын күзгі-қысқы жылыту мауысына дайындау бойынша негізгі жұмыстар  кестеге сай жүргізілуде. Бес тәулікке жеткілікті 5 мың тонна көлеміндегі мазуттың апаттық қоры бар3 қазандық агрегаттарының екеуі аяқталып, 1,5,12-қазандықтың жөндеу жұмыстары желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған.

-«Монополистердің тарифтері 5 жыл сайын заң бойынша өзгеріп отырады. МАЭК келесі жылдың қаңтар айынан бастап жаңа тарифтер орнату керек. Орнатар алдында алдымен қоғамдық кеңеспен, халықпен жиындар өткізіледі. Қазір олардың өтініштері қарастырылып жатыр. Күрт өзгеріп, халықтың жағдайын түсіретіндей мәселелер болмайды» -, деді Бақытжан Қашақов.

         -«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің «ҚазТрансГазАймақ» алдында 3,2 млрд теңге көлеміндегі берешек қарызы 20-қазанға дейін жабылады. Ал «ӨзенЖылу» МКК-нің «ҚазТрансГазАймақ» алдында 380 млн теңге берешек қарызы бар. Жаңаөзен қаласының бірқатар жастарына Ақтау қаласынан жұмыс беріп, жатақханаға орналасу шығындарын қаржыландыру мақсатында осы жылға 236 млн теңге бөлінді, соның 36 млн.теңге игерілді. Осы қаражаттың 150-200 млн.теңгесін «ӨзенЖылу» мекемесіне аударғанда «ҚазТрансГазАймақ» тың қарызы өтеледі»,-деді МО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Сәлімов.

         Айта кетейік, Мұнайлы, Бейнеу аудандары мен Жаңаөзен қаласы энергоресурс үшін берешек қарыздарын өтеу мақсатында қосалқы станция МАЭК меншігіне өткізу бойынша іс-шара жоспары жасақталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір