• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:06:34
Алматы
+35°

«Nur Otan» партиясы жалған ақпарат таратқаны үшін С.Закиров, М.Тұрымбетов және А.Ильяшев есімді азаматтардың үстінен сотқа талап арыз берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі партияның баспасөз қызметінің дерегін негізге алып.

Өйткені бұған дейін жауапкерлер партия құруға кедергі келтірді деген желеумен бірнеше рет «Nur Otan» партиясының үстінен сотқа шағымданды. Партияға тағылған бұл айыптау әлеуметтік желілер мен БАҚ-та кеңінен таралды.

«Саяси партиялар туралы» Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес саяси партияны мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ғана жүзеге асырады. Демек, «Nur Otan» партиясы басқа партияларды тіркеу ісіне қатыса алмайды, оның үстіне, бұл мәселе бойынша біреуге кедергі келтіретіндей мүмкіндігі де жоқ.

Сондықтан «Nur Otan» партиясы бұл әрекетті қоғамдық бірлестіктің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған деп есептейді. Соған байланысты «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 143-бабына сәйкес тиісті талаппен Алматы қаласының Жетісу аудандық сотына жүгінді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір