• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:08:03
Алматы
+35°
 
УЕФА-ның атқарушы комитеті Словения астанасы Люблян қаласында бас қосып, бірқатар мәселелерді қарады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 
 
Комитет 2020/21 жж. Ұлттар Лигасының жеребесі 2020 жылғы 3 наурызда Амстердамда тасталады деп бекітті. Сол күні, сол жерде УЕФА конгрессі де өтпек.

Сондай-ақ жиында атқару комитеті бірнеше клубтық және ұлттық жарыстардың финалдық ойындары өтетін стадиондарды анықтады.

Айталық, чемпиондар лигасының 2021 жылғы финалы Санкт-Петербург, 2022 жылғы финалы Мюнхен, 2023 жылғы финалы Лондонда өтетін болды. 2020 жылғы  финалды Стамбулдағы олимпиадалық  Ататүрк стадионы қабылдайтыны белгілі.

Ал Еуропа лигасының 2021 жылғы финалы Испанияның Севильясында ұйымдастырылмақ. 2020 жылғы финал Польшаны Граньск қаласында өтеті.

УЕФА суперкубогі сарапқа салынантын матчтар 2020 жылы Португалияның Порту қаласында, 2021 жылы британиялық Белфаст қаласында болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір