Үндістанның Бангалор қаласында су спортынан Азия чемпионаты жалғасуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі olympic.kz сайтының дерегін негізге алып.
Бірінші ойында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытай командасымен кездесті. Матч дәстүрлі түрде қарсылас елдердің әнұрандарымен басталды.
Дыбыстық жабдықтың техникалық ақауына байланысты Қазақстан Республикасының әнұраны 8-ші секундта кенеттен үзілді. Алайда команда ойыншылары еш саспастан, әнұранды дауыстап айта бастады. Ал көрермендер қолдау көрсетіп, қол шапалақтады. Олар қыздардың әрекетіне тәнті болды.
Қазақстандықтар ойын барысында да өздерінің ұйымшылдығын көрсетіп, қарсыластарын 11-10 есебімен жеңді.
Пікір қалдыру