• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:50:33
Алматы
+35°

Жанболат Мамайдың "Сталин қылмыстары: ұлт зиялыларын қалай жойды" атты деректі фильмі желіге жүктелді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі

Деректі фильмнің тұсаукесері "Цезарь" кинотеатрында өткізілуі тиіс болған. Алайда кинотеатр иелері кенеттен фильмді көрсетуден бас тартты. Фильм авторы Жанболат Мамай "бұл әрекеттің артында билік тұр" деген ойда.

Фильм көрсетілімін қонақ үй, конференц зал сынды басқа жерде өткізу де ойластырылған. Бірақ ондай жерлерде фильм көруге арналған құрылғылар болмағандықтан, бұл көрермендер үшін аса қолайлы болмауы мүмкін. Әрі ол жерді жалға алғанмен, басшылар бәрібір кейін бас тартуы ықтимал болғандықтан фильм презентациясы ютуб арнада өтуде.

Фильм екі тілде – қазақ және орыс тілінде таспаланған. Желіде әзірге орыстілді нұсқасы қолжетімді. Фильмнің қазақтілді нұсқасы да ұзамай жүктелетін болады. 

 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір