• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:51:15
Алматы
+35°

Танымал ресейлік бапкер, жеңіл салмақта UFC чемпионының әкесі Абдулманап Нурмагомедов Атырауға барды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Хабиб Нұрмағамедов пен бірқатар танымал спортшылардың Атырау қаласына баратыны хабарланған болатын.

Хабиб Нұрмағамедовтің әкесінің қазақ шапанымен түскен фотосуреті Facebook желісінде жарияланды. Нурмагомедов "Atyrau Open Fest" атты жастар фестиваліне келген.  

"Бүгін "Құрманғазы" мәдениет сарайында Абдулманап Магомедовичпен еркін форматта кездесу өтеді. Мұнда спорт фанаттары қызықтырған сұрақтарын қоя алады. Кіру тегін", - деп жазылған хабарламада.

Кездесу жергілікті уақытпен 11:00-ге жоспарланған.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір