• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:49:29
Алматы
+35°

Қаржы министрі Әлихан Смайлов әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл күндері қазақстандық әйелдер зейнетке 59 жасында шығады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында Жәнібек Қожық әйелдерді зейнет демалысына ерте шығару бастамасын көтерген болатын. 

"Біз бұл ұсыныс туралы естідік. Алайда бүкіл әлемде кері үрдіс жүріп жатыр. Адамдардың өмір сүру деңгейі мен ұзақтығы жоғарылауда. Сәйкесінше әйелдер зейнетке 65-67 жаста шығады. Бізде де өмір ұзақтығы мен 65 жастан асқан тұрғындардың саны артып келеді. Егер зейнетақы жүйесінің тұрақты, зейнеткерлерле лайықты өмір қамтамасыз ететіндей деңгейде болғанын қаласақ, онда тұтас жүйенің орнықтылығын ойлауымыз қажет" – деді Әлихан Смайлов мәжіліс қабырғасында.

Қазақстанда бүгінде әйелдердің зейнет жасы біртіндеп 63 жасқа дейін көтеріліп келеді. Тиісті заң былтыр енгізілген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір