26 Қыркүйек, 2019 Бизнес
1. Стандарттау
Жұмыс бір дағдыға түскен кезде мақсатыңыз арқылы мүмкіндіктерге ие боласыз. Нәтижелі іс атқара аласыз. Жұмысыңызды стандартқа келтіру үшін әр қадамыңызды жазып, барынша жақсартуға болады.
«Кайзен» әдісінің негізі 5 негізгі элементтерден тұрады: «5 S» —
• Seiri — ұқыптылық
• Seiton — реттік
• Seiso — тазалық
• Seiketsu — стандарттау
• Shitsuke — тәртіп
Сондықтан да бұл жерде стандарттаудың маңызы зор. Істегі және ойдағы жүйелілік пен тұрақтылық әдістің жақсаруына ықпал етеді.
2. Өлшеу
Жасалынатын жұмыс шегімен өлшеніп, нақты бір жүйеге түскен кезде тезірек нәтижеге және тұрақтылыққа айналады.
Жұмыс пен өмірде жасалынатын іс өлшеммен және тұрақтылықпен болғаны абзал. Күнделікті бітпейтін жұмыс сізді ақыр соңында жалықтырып, мүлде тоқтатып тастауға әкеліп соғады.
3. Өндіру
Әдістің тағы бір ерекшелігі өндіру. Өзіңіз үшін ғана емес, өзгелер үшін де жаңа дүниені өндіру. Кайдзендегі басты мақсаттың бірі үздіксіз даму мен мидағы реттілік. Миды қоқыстан тазартып, ой жүйеленген кезде әріқарайғы қадам анық болады.
4. Тазарту
Стандартқа үйреніскен адам өз ісін сүзгіден өткізіп, жедел түрде нақтылыққа дағдыланатын болады.
Күнделікті жасау керек деп табылған істердің ішінен нақты екі-үш міндетке ғана фокус жасау қажет. Таңнан тұра салысымен сол күнгі жоспарды қағазға түсіріп, ойдағы шашыраңқылықты реттеуге тырысыңыз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір