26 Қыркүйек, 2019 Өмір
Кайдзен принциптерімен тазарту белгілі бір нәтиже беруі керек. Бөлме көбірек болуы керек, күнделікті жұмыс оңай болады, ал үйді таза ұстау табиғи әдетке айналады.Үйді таза ұстауға жапондық кайдзен жүйесі қандай кеңес береді? Үйді тазалаудың негізгі мақсаты тазалау, жинау, жуу емес, кез келгени уақытта үйдің ішіндегі жиһаздар ыңғайлы орналасқан әрі таза болып тұруы қажет. Qamshy.kz ақпарат агенттігі үйді жинақы әрі таза ұстауға арналған кайдзен жүйесінің негізгі қағидаларын оқырман назарына ұсынады.
Сұрыптау
Бұл заттарды қажет және қажет емес деп нақты бөлу, ал соңғысын тез арада жою керек. Ең бірінші бөлменің ортасын босатыңыз, яғни бос орын қалдырыңыз. Бұл бос орынға орын ауыстыруды қажет ететін заттарды жинайсыз. Сіз сол жерде жұмыс істейтіндігіңізді ұмытпаңыз. Егер бұл жұмыс үстелі болса, орындыққа отырыңыз. Егер бұл гардероб болса, айна алдында тұрыңыз. Бірақ заттарды сұрыптамас бұрын бірнеше сұраққа жауап беріңіз.
1. Бұл зат маған қаншалықты қажет?
2. Бұл зат осы жерге қойсам бола ма? Дұрыс орында тұр ма?
3. Мен бұл затты қаншалықты жиі қолданамын?
4. Соңғы рет бұл затты қашан пайдаландым?
Жиі қолданатын заттарды көзге көрінетін, ыңғайлы жерге қойыңыз. Сондай-ақ бұл заттарды сары стикермен белгілеп қойыңыз. Ал кей кезде қолданатын заттарды жасыл белгілеңіз. Ал мүлдем қолданбайтын, қажетсіз заттардан бас тартыңыз. Қажетсіз заттарды жинау қоқыс жинаумен бірдей.
Заттарды үнемі өз орнына қою
Әр заттың өз орны болу қажет. Яғни пайдаланып болған соң заттарды өз орнына қоюды ұмытпаңыз. Бұл үйдің үнемі таза әрі жинақы болуына көмектеседі. Әрине бастапқы уақытта қиналуыңыз мүмкін. Бірақ шыдамдылық танытыңыз. Бәрі бірден болып кетпейді. Күн өткен сайын бұл қағидалар әдетке айналуы мүмкін. Тек бәрін рет-ретімен, өз орнына қойып жүрсеңіз болды. Сол кезде үйді жинаған уақытты көп уақыт жоғалтпайсыз.
Үй ішін бәр ғана адам таза ұстай алмайды
Үй ішін таза ұстау үйдегі барлық адамға міндет болуы керек. Себебі үйді бір ғана адам таза ұстай алмайды. Бұл мүмкін емес. Сол себепті үйдегі әр адам ең болмағанда пайдаланған затын өз орнына қоюды үйренсе үйд ішіндегі реттілік сақталатын еді. Үйдегі кішкентай балаларды да тазалық пен тәртіпке үйрету керек. Әрине айғай-шумен емес. Бұлай ешқашан үйрете алмайсыз. Мысалы ойыншықтарын жинаған балаларды тәтті беру арқылы қуантуға болады. Кейін осылай олар тазалық пен тәртіпке үйренеді.
Үй ішін бір апта бойы шашып, бір күннің ішінде жинау ең қате ұғым. Себебі үйге кез келген уақытта қонақ келуі мүмкін. Сол себепті жоғарыдағы қағидаларды ұстансаңыз үйіңіз күнде таза әрі жинақы болып тұрады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір