• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:24:17
+35°

Мен осыған дейін 21000 теңге жайлы талай рет жаздым. Бүгін жаңа депутат болған Дана Нұржігіт қарындасымның тақырыпқа байланысты білдірген пікіріне жауап жазғалы отырмын... Алдымен қарындасым депутат болар алдында "диірменге түскелі бара жатырмын" деген, Данаға сәттілік тілей отырып, мен "тек диірменге түсіп ұнға айналып кетпе" деп ескерту де жасағанмын...
Жарайды, қарындасым өз пікірінде бес балалы медбике жайлы жазыпты, негізі ол бала құсап, бірнеше жерде еден жуып несібесін тауып жүргендер жеткілікті, айналайын, Дина!..
Шынымен, "масыл" болып, жұмыс істегісі келмейтіндер де бар, оны да жасыруға болмайды. Бірақ ондайлар некен-саяқ...
Негізгі мәселе: жұмыссыздық пен баспананың жоқтығы, жалақының жетімсіздігі, күнкөріс деңгейінің төмендігі!... Неге Назарбаев күнкөріс деңгейін төменгі жалақыдан азайтып тастады, 1414 теңгеге ғана көтерді, 28698, ал төменгі жалақыны 42500 қылды. Неге екеуі тең емес, неліктен екенін толық есептеулермен бұрын жазбаларымда көрсеткенмін... Бұл да алдап-арбаудың бір түрі!..
Ең негізгі нәрсе мынау, шырағым: халыққа тиесілі нәрсені "мемлекет беріп жатыр" демей, АӘК демей, Қазақстан табиғи ресурстар байлығынан, кен байлығынан, ана Машкеевич, Шодиев, Миттал тағы басқалар тегін алып кетіп жатқан жер-ана байлығынан әр Қазақстан азаматының, әр дүниеге келген сәбидің үлесін берсін, билік! Биліктің кландарымен шетел компаниялары ғана көретін пайдадан халыққа не пайда? "Инвестиция, инфраструктура, жол, құрылыс, анау-мынау.." деген сылтаудың қажеті шамалы, олардың қаншалықты орындалып жатқаны да халыққа белгілі. Компаниялардағы әлеуметтік теңсіздіктер неге тұрады!..
Жарайды қарағым, басыңды көп ауыртпайын, халыққа пікіріңді жеткізу үшін алдымен халықтың "топас" еместігін еместігін ұмытпаңдар!
21000 теңге емес, халыққа ата-бабасы аманат еткен Жер-анадан өздеріне тиесілі несібесін беріңдер, мәселе сол, шырағым!
Халық ештеңе сұрамайды, өзіне тиесіліні талап етеді!..
.. Саған тілегім, халқыңа қызмет етемін десең, менің жоғарыдағы ескертуімді ұмытпа! Депутаттардың ішінде "аңдамай сөйлеп, ауырмай аузынан авария болып жатқандар жеткілікті, қарағым! Бұл ағалық ақылым (дүниеде ақыл айту оңай ғой), артық айтсам айып етпе.
... Ал тақырыпқа оралсақ, халық талабы орындалмаса, халық біріксе, кез келген қамалды алады! Халық қуаты - бірлікте! Осы естеріңде болсын, ойлан билік!

Санат Сүгірәлі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір