• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:49:43
Алматы
+35°

Кісіге қайырымдылық жасауда қазақтай жанашыр, қазақтай мейірбан ұлт жоқ шығар. Өзгенің қайғысын, мұң-зарын өзі бастан өткізгендей болатын біздің халық жетім мен жесірді жылатпауды қадым заманнан түсінген. Бүгінде арамызда осы бір қанға сіңген қасиеттен айнымай жүрген замандастарымыз жеткілікті. Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны Ботагөз Бакеева 9 баланы бауырына басып, қамқорлығына алған жан, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ботагөз Болатқызы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде әдіскер болып еңбек етеді. Өз қызметінде бүлдіршіндердің мектепке дейінгі білімі мен тәрбиесімен айналысатын маманның 4 баласы бар. Оған қоса ол облыстық өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау мекемесі мен «Үміт» бөбектер үйінің тәрбиеленушісі болған 9 баланы патронаттық тәрбиеге алған. Кейбіреулер жатырына біткен баланы өмірге әкелуде тұрмыстық жағдайды алға тартатын шақты 13 баланың асыл анасы атанған Б.Болатқызының бұл әрекетін шынында батыл қадам деп бағалау болады. Ал оның өзі бұл әрекетін бала күнінен отбасында жалғызілікті болып өсуімен байланыстырады.

–Мен 10 жасыма дейін үйдегі жалғыз бала болдым. Інім 10 жылдан кейін дүние есігін ашты. Есімді білген шақтан көрші үйдің балалары бауырларымен асыр салып ойнап жатқанда оларға қызыға да қызғана да қарайтынын. Сол кезден өзіме көп балалы ана атанамын деген мақсат қойдым. Міне жақында осы арманым орындалғандай болды. Өзім Алланың берге 4 баласын дүниеге әкеліп, тәрбиеледім. Оған қоса жолдасыммен ақылдасып 9 баланы патронаттық тәрбиеге алуға ұйғардық.

Расында бұл іске бекінгенде мүмкіндік болса қазақ балаларын асырап алуды дұрыс көрдік. Алайда өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау мекемелерінің бірқатарында болғанымызбен оларда қаракөз қазақ бүлдіршіндерді табу мүмкін болмады. Ақыры үлкендердің келісімімен өзге ұлт өкілдерінен туған балаларды да қамқорлыққа алуды жөн санадық,–дейді Б.Болатқызы.

Ботагөз келін болып түскен Сәбитбай ақсақал мен Дина әжейдің кіндігінен тараған ұл-қыздарынан 11 немересі бар.

–Олардың қатарын тағы 9 бүлдіршін толықтырып, қуанышымыз еселене түсті. Түр-түсі басқа демесең бұл балалар қазақ тілін еркін меңгерген. Арасында қазақ сыныптарында оқып жүргендері де бар екен. Ағайын-туыс, дос-жаран Бауыржан мен Ботагөздің бұл шешімдерін қос қолдап қолдайды,–дейді Дина әжей.

Жалпы облыстағы аудандарда бұған дейін Исаевтар сияқты 9 бірдей баланы бауырына басқан отбасы болмаған екен. Өз кезегінде облыстық өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау мекемесі тәрбиеленушілері жаңа отбасына бауыр басқанға дейін әртүрлі әлеуметтік және психологиялық көмектер көрсетіп тұрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір