• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:40:32
Алматы
+35°

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі мектепке дейін тәрбиелеу ісіне айрықша назар аударып, келер жылы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту мәселесін түбегейлі шешуді тапсырғаны есте. Осы орайда Т.Рысқұлов ауданында жекеменшік балалардың саны артып келеді. Жақында ғана ашылған «Aziza» бөбекжай балабақшасы аймақтағы тоғызыншы жеке меншік балабақша болып табылады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Т.Рысқұлов ауданы жұртшылығына «Балапан» бағдарламасының шарапатын сезінуге мүмкіндік берген жеке кәсіпкер Серікбай Дәлібаевтың демеушілігімен жақында ғана «Aziza» бөбекжай балабақшасы пайдалануға берілді. Мұнда 75 құландық бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбие жұмыстарымен қамтылатын болады.

–Бөбекжай балабақшада бүлдіршіндер мектепке дейінгі тәрбие жұмыстарына тартылып қана қоймай түрлі үйірмелер арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Сондай-ақ балабақша тәрбиеленушілерін арнайы мамандар спортқа да баулиды. Бұл шаралар бүлдіршіндерді спортқа баулуды тетігі ретінде қарастырылып отыр, –дейді бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Амина Юлдашева.

Алдағы уақытта ауданда тағы бір жекеменшік балабақшаның ашылуымен аймақтағы мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерімен қамту мәселесі 100 пайыз шешімін таппақ.

Айтпақшы балабақша мәселесі түбейгелі шешілгелі тұрған аудан тұрғындары Жастар жылы қарсаңында тағы бір тындырымды тірліктің куәгері атанды. Аудандағы Абай ауылдық округінде «Жастар жылына» орай жастар орталығы пайдалануға берілді. Аталмыш орталық жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда спорттық үйірмелер мен қатар шығармашылыққа баулу жұмыстарын жүргізеді. Ара тұра мұнда жастарға арналған түрлі форматтағы іс шаралар тұрақты өткзіліп тұрады.

Ауыл тұрғындары да осынау ғимараттың пайдалануға берілуін ерекше қуанышпен қабылдап оның айналасын тазалау, көгеріштендіру жұмыстарына өз еріктерімен үлес қосқан. Елді мекендегі орта мектепті 20 жыл бұрын тәмамдаған түлектер орталық маңына шырша ағаштары көшеттерін отырғызған екен.

Бұл игі шаралар Тұрар Рысқұлов ауданындағы мемлекеттік жастар саясаты мен білім беру ісіне айрықша көңіл бөлініп келе жатқандығын айғақтайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір