• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:17:58
Алматы
+35°

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай деструктивті діни ағым өкілдерінің санын азайту жұмыстарды жүйелі жүргізіп келеді. Бұл орайда, құқық қорғау, дін істері басқармасы, дін проблемаларын зерттеу орталықтары мен азаматтық қоғам институттары арасында жүйелі байланыс орнатылған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл орайда облыстағы барлық аудан тұрғындары арасында теолог-мамандардың қатысуымен «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Сіз діни сауаттысызба?» тақырыптарында кездесулер ұйымдастырып тұрады. Ал бірқатар аудандарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде дін саласындағы өзекті мәселелерге азаматтық қоғам институттарын тарту тәжірибесі қалыптасқан.

–Мәселен Жуалы ауданы мен Тараз қаласы әкімдіктері үкіметтік емес ұйым өкілдерін тарта отырып, аймақтағы дін саласындағы өткір мәселелерді тереңнен зерттеуде. Сондай-ақ мұнда білікті теолог мамандардың көмегімен деструктивті діни бағыттағы азаматтарды оңалту жұмыстары да өз нәтижесін беруде. Өткен жылы Тараз қаласында теріс діни ағымның жетегіне ерген 5 азамат ал Жуалы ауданында 3 азамат қоғамға қайта бейімделген. Бұл жұмыстарда дұрыс бағыт бағдар беруде дін істері басқармасы мен дін проблемаларын зерттеу орталығының мамандары да аудандарда іссапарларда болып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен әдістемелік көмектерді тұрақты түрде көрсетіп келеді,–дейді облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров.

Ал Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының облыстағы өкілі, «һибатула Тарази» орталық мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл өңірде Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда ислам діні саласының өкілдерімен жүргізілген жұмыстың ауқымдылығын алға тартады.

–Облыс аумағында теріс ағымда жүрген азаматтармен мешіттерде 498 жалпы кездесу және 109 жеке кездесу өтті. Бұл кездесулерге 24 988 адам қамтылды. Солардың ішінен 8 адам ханафиге оралса, 28-і екі ойлы күйде қалып отыр. Қазіргі таңда олармен жұмыс жасалып жатыр Сондай Тараз қаласы мен оның аумағында орналасқан 158/1, 158/2, 158/4, 158/5, 158/7 түзету мекемелерінде жыл басынан бері 10 имам жеке және жалпы кездесулер өткізді. Бұл жұмыстар түзету мекемелеріндегі теріс ағымдар жүргендерді қоғамға қайта баулу мақсатында жүргізіліп келеді, –дейді Қ.Жұмағұл.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір