• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:53:05
Алматы
+35°

Жамбыл облысында ислам діні саласы мамандарының біліктілігін жетілдіру, діни білімін арттыру жұмыстары жанданып келеді. Бұл мақсатта «һибатула Тарази» орталық мешітінің жанына сауат ашу курстары, діни білім және кадр дайындау бөлімдері, имамдардың білімін жетілдіру институттары жұмыс жасауда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірде әсіресе деструктивті діни ағымдарға қарси иммунитет қалыптастыруға баса мән берілуде. Сәйкесінше құзіретіне дәл осы ағымның алдын алу кіретін дін өкілдерін оқыту, біліктілігін арттыру жұмыстары жолға қойылған.

–Облыс әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында облыс имамдарының біліктілігін арттыру семинары ұйымдастырылды. «Һибатулла Тарази» мешітінде өткен бұл екі апталық оқу семинарына 129 дін қызметкері қатысты. Сондай-ақ, деструктивті ағымның алдын алу мақсатында мешіт жамағатының білім деңгейін көтеру бағытында 24 талапкер қатысқан 1 айлық сауат ашу курстары ашылып отыр. Сондай-ақ дін қызметкерінің жан-жақты білімді болуы заман талабы екенін ескере отырып, орталық мешіт жанынан діни білім және кадр дайындау бөлімінің жұмысы жолға қойылды. Жыл басынан бері имамдардың білімін жетілдіру институтының 2 айлық курсынан біздің облыстан 6 имамы білімін жетілдірді. Өңірдегі мешіттерде имам қызметіне ниет білдірген 2 азамат сауатын ашты, –дейді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының облыс бойынша өкілі, «Һибатула Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл.

Жалпы өңірдің Қырғызстанмен шекаралас аумақтарында деструктивті діни ағым өкілдерінің көбеюі, жат ағымдарды уағыздарды насихаттайтын діни әдебиеттердің еркін айналымы сынды әрекеттер белең алуда. Соған қарамастан ислам дінінің өкілдері бұл ағымдарға сауатты тосқауыл беру, оларға өткен азматтарды қоғамға қайта бейімдеу мәселесін жіті назарда ұстайды. Әрі бұл жұмыстарды жүйелі жүргізетін дін өкілдерінің білімін жетілдіру де өзектілігімен күн тәртібінен түскен емес. Бұл жұмыстарда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, облыс әкімдігінің дін істер басқармасы, дін проблемаларын зерттеу орталығы, «Һибатула Тарази» облыстық орталық мешіттің имамдары бірлесе күш біріктіріп әрекет етуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір