• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 06:06:34
Алматы
+35°

Бүгінде тұтас Жамбыл облысы аудандарының, түпкір-түпкірдегі елді мекендердің орта буынды ауыл шаруашылық мамандарына сұранысын өтеп келе жатқан Құлан ауылшаруашылығы колледжінің ғасырға жуық тарихы бар. Тіпті бұл оқу орнының алғашында еліміздің тұңғыш астанасы болған Орынборда құрылып кейіннен Алматыға одан Таразға ең ақырында Құлан көшірілгеніне де тарих куә, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысы құрылған шақта өңірде болған 3 арнаулы орта білім беру ошағының бірі саналған Құлан ауыл шаруашылығының іргетасы 1923 жылы Орынбор қаласында қаланды. Қазақ АССР-ның Халық комиссарлар Кеңесінің жарлығымен өлкелік ветеринарлық және зоотехникалық тех-никумы болып ашылған оқу орны көп ұзамай Алматы қаласына көшіріледі. Мұнда ол Алматы ветеринарлық жер қатынастары техникумы болып аталған. Алматыда ұзақ уақыт табан тірей алмаған техникум 1930 жылы сол кездегі Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласына қоныс аударады. Осында 33 жылға жуық өңірге қажетті орта буынды ауыл шаруашылық мамандарын даярлаған оқу ордасында қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткелерімен бірге күллі әлемге танымал Шыңғыс Айтматов та білім алған.

Ал 1963 жылы бұл оқу орны қазіргі Құлан ауылына ауыстырылды. Мұнда да ол Жамбыл ззотехникалық ветеринарлық техникумы ретінде білікті ауыл шаруашылығы мамандарын әзірлеудегі мәртебелі миссиясын абыроймен атқара білді. 1995 жылы елдегі қоғамдық-саяси өміріндегі өзгеріске сай техникум атауын Құлан ауылшаруашылығы колледжі болып атауын өзгерді. Бүгінгі күнге дейін колледж «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу», «Кәсіптік білім беру», «Құқықтану», «Есеп және аудит», «Агрономия», «Фермер шаруашылығы», «Зоотехника» және «Мал дәрігерлігі» секілді мамандықтар бойынша арнаулы орта білімі бар мамандарды даярлап келді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы негізінде мұнда «Ветеринария», «Агрономия», «Дәнекерлеу ісі», «Аспазшы», «Ақпараттық жүйелер» сынды мамандықтар да оқытылуда.

Жаңа оқу жылынан бастап колледжде «Сүт өнімдерінің өндірісі», «Ет және ет өнімдерінің өндірісі», «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшаф құрылысы» сияқты жаңа мамандықтар ашылды.

Өткен жылы колледж облыс әкімі Асқар Мырзахметов бұл колледжді облыстағы ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын базалық колледжге айналдыру туралы шешім қабылдады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір