• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:31:38
Алматы
+35°

Құланда құс шаруашылығы ерекше серпінмен дамып келеді. Тек ағымдағы жылдың алғашқы алты айының өзінде Т.Рысқұлов ауданындағы құстың саны 113 010 дана жетіп, 103,1 пайыздық өсімді көрсеткен. Аудандағы Ақыртөбе ауылының тұрғыны Нәсіпхан Омарбеков 200 бас канадалық күркетауық өсіріп отыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Кезінде тіс дәрігерлікпен айналысқан Нәсіпхан Омарбеков бүгінде зейнеткерлікте. Құрметті еңбек демалысына шыққан қария үйінде құр бекер қарап отыруды жөн санап кәсіптің осы бір ерекше түрін қолға алған екен.

–Қолымыздағы барлық малды жаз келгеннен жайлауға жібереміз. Осы сәтте қым-қуыт тірліктен қол босап қалады. Сондықтан осы жазда бос отырмай кәсіппен айналысуға бел будым. Ұлдарымның күркетауық өсіру идеясын қабыл алып, оның «BIG-6» деп аталатын ерекше түрін күтіп ұстауға тәуекел еттім. Содан Алматыдағы арнайы кәсіпорыннан тегі канадалық күркетауықтың 200-дей бір айлық балапанын сатып алып іске кірісіп те кеттік,–дейді қария.

Бір қызығы күркетауықтың «BIG-6» аталатын түрінің жұмыртқалары біздің елімізге Канада мемлекетінен жеткізілетін көрінеді. Өз кезегінде канадалық күркетауық небәрі 5 айда 20-25 келіге дейін ет беретін көрінеді. Әрі бұл үй құстарына ұстаудың ережелері де қарапайым. Бастысы құстар ашық қорада бапталғаны дұрыс. Себебі жабық қорада ұсталған күркетауықтардың өздерінің саңғырыған бөлінген газдан уланып қалуы да мүмкін екен.

–Алайда күркетауықтың межелі мерзімді тиісті салмақ жинауы үшін оның тиісті қоректік заттармен қоректенгені абзал. Атап айтқанда бір айлық балапан кещінде олар «Старт» деп аталатын жеммен қоректенеді. Үш айлығынан бастап жемнің «Рост» аталатын түріне көшеді. Ал, төртінші және бесінші айларда «Финиш»-пен тамақтандырған абзал. Оған қоса тамақтандыру режимінде арнайы антибиотиктер, витаминдер беріп отырған жөн,–дейді құс шаруашылығын қолға алған кәсіпкер.

Тұрғындарының дені мал етіне жеңсік Қазақстанда да күркетауық етіне сұраныс жоғары көрінеді. Оны Ақыртөеге канадалық күркетауықты жерсіндірген қария айтады. Тіпті ол баптаған күркетауық бабына жетер-жетпестен оның етін сатып алуға құштарлық танытқандар табылыпты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір