• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:13:23
Алматы
+35°

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан қоғам өмірінің жекелеген салаларын цифрландыру олардың дамуына жағдай жасауға жіті назар аударып келеді. Мұндай жүйе әсіресе медицина саласына қажет-ақ. Елбасының цифрландыру туралы бастамасы Т.Рысқұлов ауданының орталығы Луговой ауылдық емханасында оңтайлы кәдеге жарап келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасы өз Жолдауларының бірінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізу мәселесіне айрықша назар аударған еді. Сәйкесінше сол стратегиялық құжатта жергілікті тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектер тұрудың, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігі де айтылған еді. Аталған маңызы зор құжат жүктеген жауапкершілігі мол міндеттің үдесінен шығуда Т.Рысқұлов ауданы орталығында тұратын 9960 адамға қызмет көрсететін Луговой ауылдық емханасында бірқатар шаруалар қолға алынғаны қуантады. Бүгінде емханада 40-тан астам медициналық қызметкер құландардың дертіне дауа табу жолында тер төгуде. Денсаулық сақшылары тәулігіне 75 емделушіге сапалы медициналық қызмет ұсына алады. Емхана ұжымы 6 жалпы тәжірибелік дәрігер мен 29 орта буынды медициналық қызметшіден тұрады.

–Емхананың материалдық техникалық әлеуеті толығымен жаңа заман сұранысына сай келеді. Барлық қызметкерлерге компютерлік қондырғылар қолжетімді. Олардың барлығы дерлік жоғары жылдамдықтағы ғаламторға қосылған. Емхана мамандары цифрландыру жүйесі арқылы жұмыс жасауға көшкен. Оның ішінде емделушілерді басқарудың электронды жүйесімен бірге «Дамумед», автоматтандырылған ақпараттық жүйе сынды бағдарламаларды қолданамыз. Бұл бағдарламалармен арнайы оқу курстарынан өткен 5 дәрігер мен 13 орта буынды мейірбике жұмыс жасайды. Алдағы уақытта емделушілерге сапалы қызмет көрсетудің барлық салалары цифрлы форматқа көшеді. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығын басшылыққа ала отырып, науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамту жұмыстарын да электронды режимде жүргізіп келеміз, –дейді Луговой ауылдық емханасының аға мейірбикесі Қалдыкүл Нұрсейітова.

Әріптесінің ойын құптаған акушер Мира Рысалдиева саланы цифрландыру қағазбастылықтан арылудың жолы екендігін растайды. Тұрғындар да дәрігерлердің сағаттап қағаздан бас алмай құжат толтыруға кететін уақытын сапалы қызмет көрсетуге арнағанына дән риза.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір